«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнесті қорғау

FAQ

Бизнес-қоғамдастыққа арналған жаңа мүмкіндіктер

2015 жылғы 04 Желтоқсан
- Астана қаласы
11162 просмотров

Мемлекет басшысы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» Жолдауында бұдан арғы экономикалық дамудың басты аспектілерін жеткізіп, дағдарысқа қарсы және құрылымдық қайта құрулардың бес бағытын белгілеп берді.

Осындай қиын кезде Жолдаудың көп бөлігінің экономиканы қолдауға және еліміздегі шағын және орта бизнесті дамытуға арналғаны заңды. Мемлекет басшысы жаңа жолды нұсқап, кәсіпкерліктің бұдан әрі өсу кезеңін анықтайтын нақты қадамдарды ұсынды.

Елордалық Кәсіпкерлер палатасында ШОБ өкілдерінің қатысуымен қазіргі Жолдаудың маңызды аспектілері талқыланды.

«Елбасы Жолдауының кәсіпкерлер үшін жаңа мүмкіндіктер ашарына сенімдімін. Президент әлемнің жылдам қарқынмен өзгеріп бара жатқанын ерекше баса көрсетті. Басқа кезең келе жатыр. Көз алдымызда мүмкіндіктерге және тәуекелдерге толы жаңа жаһандық ақиқат туындап келеді. Бүгінде Қазақстан экономикасына әлемдік нарықтардағы құлдыраулардан туындаған бірқатар сыртқы факторлар әсерін тигізуде. Жаһандық дағдарыстардың шығу тегі бізге тәуелді емес. Жаһандық дағдарыстар әсерінен ешкім де сақтандырылмаған. Бұл ел бизнес-қоғамдастығының үнемі оқиғалардан хабардар болып, осылайша, жаңа нақты ахуал мен сынақтарға бейімделіп отыруына берілген бағыт», - деп атады Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғани Тасмағанбетов.

Кәсіпкерлік қоғамдастық осыған байланысты ортақ мақсаттарға жету үшін бұрынғыдан ерекше топтасып, қиын жағдайда оңтайлы да әсерлі шешімдер іздеуге тиіс, деді елордалық Палата басшысы.

Президенттің пікірінше, Қазақстан күші институттары бар, құзырлы, тиімді әрі болжамды үкіметке ие өңірдегі көшбасшы елге айналуға тиіс. Бізде ең үздік техникалық кадрлар, әлемдік деңгейдегі инфрақұрылым болып, қоғамдық тәртіп мен адамдардың жеке қауіпсіздігі қамтамасыз етілуі керек.

Президент белгілеп берген осы аспектілердің бәрі  алдымызға жаңа міндеттер мен мүмкіндіктерді қойып отыр. Олардың көпшілігі елордалық Кәсіпкерлік палата жұмысына алынды. Елорданың бизнес-қоғамдастығы бұл туралы жақын араға жоспарланып отырған Кәсіпкерлер палатасының есептік кездесуі барысында білетін болады.

Елордалық Палата іс-шара аясында бизнес өкілдері мен мемлекеттік органдардың аралық жұмыс нәтижелері туралы кеңінен ақпарат бермекші, сонымен қатар алдағы жылғы қызметтің басым бағыттары жарияланады. Палата ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша, кәсіпкерлер құқығын қорғау бойынша қолданылған шаралары туралы, әкімшілік кедергілерді жою және елордадағы кәсіпкерлікті дамыту туралы егжей-тегжейлі есеп береді.

Есептік кездесудің мазмұны мен толғақты тақырыптарын кәсіпкерлердің өздері айқындады. Бизнесмендер барлығынан бұрын жеке медицина, елордадағы сервис сапасын жақсарту, өндірістік секторды дамыту мүмкіндіктері, құрылыс саласын дамыту келешегі, сауданы дамыту, сондай-ақ қаржы секторының ахуалы мен кәсіпкерлікті қаржыландыру мәселелері толғандырып отырғанын атауда. 

Аталмыш сұхбат алаңы кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіруші, пікір алмасатын, жүйелік түйткілдерді талқылауға және талдау жүргізуге мүмкіндік береді. Кездесудің біршама маңызға ие бөлігі елорда кәсіпкерлерінен тікелей өтініштер қабылдауға берілмекші. Іс-шараға 300-ден астам кәсіпкердің қатысуы күтіліп отыр.

«Бұл кәсіпкерлермен және мемлекеттік органдармен әрекеттестіктің жаңа да ықпалды форматы деп есептеймін. Жұмысымыздағы басты әрі өзгермейтін қағидат – бұл ашықтық. Бизнестен кері байланыс алуға және мұны іс жүзінде жүзеге асыруға талпынамыз», - деп баса көрсетті Ғани Тасмағанбетов.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер