«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнесті қорғау

FAQ

Жергілікті өнімге арналған жаңа дүкен

2015 жылғы 18 Желтоқсан
- Ақтөбе облысы
8698 просмотров

Ақтөбеде Тәуелсіздік күні ірі «Анвар» гипермаркеті ашылды

Ашылу салтанатында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев айтып өткендей, Ақтөбеде жаңа нысандар ашу мүмкіндігі баршылық.

«Мұнда барлық процестер ең соңғы әлемдік стандарттарға сәйкес келеді. Ол халықты сапалы тағам өнімдерімен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, бүгінде біз үшін әрбір жұмыс орнының ашылу қымбат. Гипермаркет басшылығы нысан құрылысына 2 миллиард теңге сала отырып, 332 жаңа жұмыс орнын ашты», - деді өңір басшысы.

Жаңа сауда нысаны күн сайын 7 мыңнан адам астамға қызмет көрсете алады. Сатып алушы таңдауына төмендетілген бағамен сатылатын жергілікті өндіріс өнімдерінің кең сұрыпталымы ұсынылып отыр.

Гипермаркет сапа стандартының барлық талаптарына жауап беретін заманауи жабдықпен жарақталған. Ашылуға мыңдаған қала тұрғыны келді, себебі гипермаркет басшылығы мерекеге қарсы едәуір жеңілдіктер қарастырып қойған болатын.

Белгі жолағын кескеннен кейін облыс әкімі «Анвар» ЖШС бас директоры Андрей Тикибаевпен бірге гипермаркет сөрелерін аралап, тауар бағаларына көз жүгіртті.

Қызметкерлер жөніндегі директор Светлана Однолетко дүкенде 30-50 пайыз аралығындағы жеңілдіктер әрекет ететінін жеткізді. Доллар кенет көтеріліп кеткенге дейін сатылып алынған тауарға төмен баға белгіленіпті. Оның үстіне сатылатын өнімнің жартысына жуығы жергілікті жерде шығарылады. Олар да арзан бағамен сатылуда.

Ақтөбеліктер made in Kazakhstan өнімдерді Ұлттық кәсіпкерлер палатасының логотипі жазылған тақтайша мен «Ақтөбелік... Өзіміздікі... Үздік...» деген арнайы жазбасынан тани алады. Мұндай тақтайшалар 250-ден астам тауар жанына орнатылыпты. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер