«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнесті қорғау

FAQ

Жобалар Палатаның бақылауында

2016 жылғы 07 Сәуір
- Жетісу облысы
7486 просмотров

ӨКП Индустриаландыру картасы аясындағы жобалардың мониторингін жасауды жалғастыруда

Былтырдан бастап ИИДМБ жобаларын іске асыру жауапкершілігі Инвестициялар мен даму министрлігі, әкімдіктер мен ҰКП-ға теңдей жүктелген болатын. Ұлттық палата өңірлік көлемдегі жобаларға бақылау жасамақ. Бағдарламаға қатысу туралы өтінімді қабылдаған соң, әкімдік бүкіл құжаттар пакетін ӨКП-ға жібереді. Сарапшылар жобаның пайдалылығына талдау жасап, қорытынды шығарады. Бұдан кейін жаңа жобаларды Картаға кіргізу үшін таңдау жасалады. Таңдауды Өңірлік үйлестіру кеңесі мүшелері жасайды. Оның құрамында Өңірлік кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің жартысынан  кем емес адам болуы тиіс.

Индустриаландыру картасы бойынша 2010-2014 жылдары Алматы облысында 282,6 млрд. теңге тұратын 48 жоба іске қосылып, 7 мың жұмыс орны құрылған болатын. Олардың арасында «Аксель-А» ЖШС фармацевтикалық зауыты, «СарқанМай» соя өңдеу зауыты мен «Байсерке Агро» ЖШС жылыжайын атап өтуге болады.

«ӨКП 2015-2019 жылдары жүзеге асырылатын жобаларға мониторинг пен мен бақылау жасауды жалғастырып келеді. Өңірлік карта бойынша жалпы сомасы 43,8 млрд. теңге болатын 18 жоба қолға алынған. 2 мыңнан астам адамды жұмыспен қамту көзделіп отыр. Жүзеге асырудың жағымды динамикасымен қатар проблемалары да жоқ емес. Әсіресе өнімді болашақта өткізу мәселесі өзекті болып отыр. Мәселен бұл проблемаға «Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС БК фармацевтикалық зауыты тап болған», – дейді Жобаларға қолдау көрсету бөлімінің сарапшысы Дана Қалықова. Мұнымен қоса, 2015 жылы «Aluminium of Kazakhstan» ЖШС алюминий пішінін өндіру зауыты, «Күрті» ЖШС құрылыс материалдарын өндіретін тас өңдеу цехы, «Алакөл-Көмір» ЖШС асфальт-бетон өндіруді ұйымдастыру зауыты, «Қазиндустрия» ЖШС тас өңдеу зауыты салынып, Күрті кен орнынан гранит өндіріп жатқан кәсіпорын жаңартылды.

«Биылғы жылы жалпы сомасы 30 925,9 млн. теңге болатын 6 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. 1290 жаңа жұмыс орны құрылмақ. Мәселен, Текелі қаласында инновациялық технологиямен шекті шойын алу арқылы темір кенін өндіру мен қайта өңдеумен айналысатын «Bapy Mining» компаниясы құрылмақшы. Құрылыс жұмыстарына 120 адам қатысып, пайдалануға берілген кезде 500 адам жұмыспен қамтылатын болады», – деді сарапшы Қалықова.

Сонымен бірге биыл су жүргізуге арналған әйнек-пластика құбырларын жасау бойынша «KAZKOMPOZIT LTD» кәсіпорнын, «Базальт-НПА» ЖШС композиттік өнімдерден базальт талшығын өндіру, «Селбесу» ЖШС  тамшылай суаруға арналған жиынтықтарды өндіру зауыттарын, май және қоспажем өнімдерінің «Агрокомплекс Жетысу Мажико» ЖШС өндірістік кешенін, «Қызбұлақ» ЖШС табиғи тастар өндіру және қайта өңдеу зауытын салу жоспарланып отыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер