«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнесті қорғау

FAQ

Мектеп формасына қатысты тағы бір ұсыныс

2016 жылғы 30 Мамыр
- Жетісу облысы
9798 просмотров

Кәсіпкерлер палатасы Алматы облысында мектеп формасын тігу бойынша жеңіл өнеркәсіп кластерін құруды ұсынып отыр

Бұл ұсыныс жергілікті кәсіпкерлер мен отандық тауар өндірушілерді мониторингілеу жөніндегі комиссияның міндетті мектеп формасын енгізу мәселесіне арналған кезекті жиынында талқыланды.

Кәсіпкерлер палатасы жүргізген мониторинг нәтижелеріне сүйенсек, соңғы екі жылдың ішінде 734 мектептің 684-іне бірыңғай мектеп формасы енгізіліпті. Осы оқу жылында оған тағы 30 мектеп қосылған. Міндетті мектеп формасымен барлығы 306 мың оқушы қамтылған.

«2014-2015 жылдары мектеп формасының бағасы 5 мың мен 12 мың аралығында болса, 2015-2016 жылдары 9 мың мен 11 500 теңгенің аралығында болды. Ата-аналардың пікірінше, басты мәселе матаның сапасы мен түсінде болып тұр, соның салдарынан мектеп формасы бір рет жуғаннан кейін-ақ бастапқы кейпін жоғалтады», – деді ӨКП кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің сарапшысы Айдар Қажымұқан.

Шағын бизнестің барлық мектепке киім-кешек тігуге технологиялық қауқары жетпейтіндіктен, білім беретін мекемелердің басым бөлігі тапсырысты «Ажар», «GLASMAN», «Сымбат» сияқты ірі тігін фабрикаларына береді. Осыған байланысты, Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ләззат Шыңғысбаеваның пікірінше, облыста өндірістік кластер құру қажет.

«Ірі тігін фабрикалары мен компанияларға мектеп формасын тігу бойынша жеңіл өнеркәсіп кластерін құруды ойластыру қажет. Үлкен өндірістік кластерге бірігуде әріптестіктің жаңа түрі құрылады, өңір аумағына ресурстар жиналады. Ал бұл, өз кезегінде, инновациялар мен технологияларға қолжетімділікті қоса алғанда, географиялық тұрғыдан жақын орналасуын қамтамасыз ете отырып, бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді. Сондықтан, кластерді дамыту әлеуетін пайдалану тиімділігін арттыру қажет. Егер де жақын арада мұндай кластер пайда болса, онда барлық білім беру мекемелерін мектеп формасымен қамтамасыз етуге болады», – деді Ләззат Шыңғысбаева.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер