«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнесті қорғау

FAQ

Өз бизнесіңді баста!

2016 жылғы 15 Маусым
- Солтүстік Қазақстан облысы
20855 просмотров

Жамбыл ауданының бизнесмендері «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын белсендірек қолдануға шақырылды

Бизнесмендерді қызықтыру және мейлінше көбірек өзекті ақпарат ұсыну мақсатында СҚО КП аудандық филиалы жергілікті кәсіпкерлік бөлімімен бірлесе отырып, дөңгелек үстел ұйымдастырды. Шара барысында КҚО кеңесшілері қатысушыларға мемлекеттік гранттар алу шарттары туралы айтып берді. Негізінен, гранттардың шағын бизнес субъектілеріне, соның ішінде бизнесін жаңа бастаушыларға, әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан асқан тұлғаларға қайтарымсыз негізде ұсынылатындығы түсіндірілді. Мұндай материалдық қолдау шарасының мөлшері – 3 миллион теңгеге дейін. Бұл сома негізгі құралдар мен материалдарды, технологиялар мен материалдық емес активтерді сатып алуға мүмкіндік береді. Үміткердің жеке қатысуы – грант сомасының 10%-ы.

Филиал директоры Наталья Лазареваның айтуынша, «бағдарламаға қатысудың басты өлшемі жаңа, әдеттен тыс бизнес-идеялардың болуы және біздің өңірімізде жоқ тауарлар мен қызметтерді ұсынуға ниетті болуы». Қажет идеяны таңдауға дөңгелек үстел қатысушыларына ұсынылған «Шағын бизнеске арналған 100 жоба» кітабы да көмектесе алады. Осыған қоса жиналғандарға күн сайын жедел іскерлік ақпараттар жарияланып тұратын Ұлттық кәсіпкерлер палатасы сайтының ресурстарын жиірек қолдану ұсынылды. Өз бизнес-идеяларын жүзеге асырып үлгерген кәсіпкерлердің мемлекеттік бағдарламаға қатысу тәжірибесімен таныстыратын «Өз ісіңді баста» және «Табыс тарихы» бөлімдері ерекше қызығушылық тудырды. Жеке кәсіпкер Михаил Щербаков өткен жылы өтінім бергенімен, грантқа қол жеткізе алмағандығын, алайда осы жылы тағы да бағын сынап көруге ниетті екенін айтты. Оның айтуынша, алдыңғы жолы жобаны таныстыру барысында оған өзіне деген сенімділік жетіспеген, алайда ол биылғы жылы грант арқылы өзінің іскерлі идеясын жүзеге асыруға барынша талпынбақ. СҚО КП Жамбыл ауданының сарапшылары бизнес-жоспарлар әзірлеуге, комиссия алдында жобаны қорғау үшін таныстырылымдар дайындауға және басқа да сұрақтар бойынша әрдайым көмектесуге дайын.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер