«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнесті қорғау

FAQ

Өңірлік палата оқу орталықтарын назардан тыс қалдырмайды

2016 жылғы 23 Қараша
- Батыс Қазақстан облысы
6708 просмотров

Кәсіпкерлер палатасы «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері бойынша жұмыспен қамту орталықтарының өкілдері мен Орал қаласындағы оқу орталықтарының басшылары арасында кездесу ұйымдастырды

Еске сала кетейік, «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасының мақсаты – халықты жұмысқа орналастыру және оқыту, жаңа бизнес ашу және жұмыс жасап жатқан бизнесті дамыту, елдегі еңбек ресурстарын барынша тең үлестіру, ел халқын жұмыспен қамтуды қолдау, жұмыссыздық деңгейінің өсуіне жол бермеу. 

«Біліктілікті арттыру, кәсіптік даярлау мен қайта даярлаудың тегін курстарын ұйымдастыруға байланысты көптеген мәселелерді талқылаудың маңызы зор. Бұл, әсіресе, жыл соңында, жұмыс берушілер мен жұмыс берушілер талаптары аясында кадрларды кәсіптік даярлауды және қайта даярлауды, оқытуды жүзеге асыратын оқу орталықтарында көптеген сұрақтар туындайтын кезде, өте өзекті болып отыр, – дейді Палатадағы Адам капиталын дамыту бөлімінің басшысы Айгүл Әбілқайырова. – Жаңа жыл қарсаңында жыл сайын ауысатын ережелер міндетті түрде түсіндіруді қажет етеді».

Жұмыспен қамту орталықтарының өкілдері оқу орталықтарының басшыларына «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша кадрларды даярлауға қатысатын ұйымдардың тізіміне ену үшін оқу орталықтары әрекеттерінің алгоритмі қандай екенін айтып берді. «Курстар жұмыс берушінің өтініші бойынша ұйымдастырылады, сондықтан да біз алдымен өтініштерді жинаймыз, үміткерлерді іріктейміз, – деп түсіндірді кәсіптік оқыту секторының меңгерушісі Әлия Құнанбаева. – Ал жұмыссыздардың қатарынан кандидаттарды және оқыту орталықтарын таңдау еркі жұмыс берушіде қалатын болады».

Жиналғандар бірегей мамандықтар бойынша дайындық курстары бар оқу орталықтары қандай негізде таңдалады, жұмыс беруші қай оқу орталықтары жақсы немесе нашар дайындайтынын қалай анықтайды деген сұрақтар қойды. «Шын мәнінде тағы да тендер кезіндегідей қай жерде баға арзан, соларды таңдай ма? – деп сұрады Аттестациялық орталықтың басшысы Светлана Лакеева. – Біз мысалы аргонмен дәнекерлеуді оқытсақ, алдымен сапалы маман дайындауға қажетті шығындардың барлығын ескере отырып, бағасын бекітеміз. Біздің білуімізше, басқа орталықтар жай ғана кітаптан дәріс оқиды, әрине оларда баға бірнеше есе арзан болып, соларды таңдайды».

«Бұл мәселе бар және біз бұл туралы білеміз, – дейді Айгүл Әбілқайырова. – Техникалық және кәсіби білім беру орталықтары, колледждер үнемі қадағаланып отырады, қайта аттестацияланады, оқу орталықтары өз-өздерін қамтамасыз еткен кезде, дайындықтың сапасына ешкім бақылау жүргізбейді. Бұл мәселені кадрларды дайындау ісіне жауапкершілікпен және адал өарайтын оқу орындарының басшылары өздері көтеруде. Олар ештеңе үйретпей, тек арзан баға ұсынып, жеңіске жететін орталықтардың бар екенін көріп-біліп отыр».

Адам капиталын дамыту бөлімі басшысының сөзіне қарағанда, Кәсіпкерлер палатасы «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасын түсіндіру мақсатында оқу орталықтарына барлық жағынан көмек көрсетуге әзір. 2015 жылдан бастап Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік палатамен бірлесе отырып құрылған «Аспазшы», «Конденсат», сондай-ақ «ЮлАнИл», «Орал-Андас», «Алим», «ЖайыкПром» секілді орталықтармен өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды.

«Палатаның арқасында біз Кәсіптік оқытуды қаржыландыру және ұйымдастыру ережелеріндегі осы және тағы да басқа өзгерістерді жұмыспен қамту орталықтары өкілдерінің өз аузынан еститін боламыз. Сонымен қатар біз үшін бір-бірімізбен танысып, тәжірибе бөлісудің маңызы зор», - деп кездесуге қатысушылар Кәсіпкерлер палатасына өз алғыстарын білдірді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер