«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнесті қорғау

FAQ

«Жақсылық жасаған қолдан рауаш гүлдің хош иісі еседі»

2017 жылғы 03 Сәуір
- Қостанай облысы
7531 просмотров

Өңірде Меценаттар клубы сыйлығының лауреаттарын марапаттау салтанаты өтті

Салтанатты шара облыстық филармонияда өткізілді. Меценаттар-кәсіпкерлер зор қошеметпен жеңімпаздардың аттарын атап, сахнаға шақырып, оларға сертификаттар мен естелік статуэткаларды табыс етті. Биыл жүлде қорының мөлшері өзгерді: «Қазына» сыйлығы бойынша 1 млн теңге берілсе, «Шабыт» (35 жасқа дейін іздеуге көмектесушілер) бойынша 500 мың теңге берілді, сонымен қатар арнайы сыйлықтар болды. Салтанатты кеште концерттік нөмерлер жасалды, лауреаттардың өздері ән айтып, би билеп, сахналық қойылымдар жасады.

Ең үздіктерді тәуелсіз комиссия анықтады, биыл қатысуға 136 адамнан өтінім түскен. «Театр», «Хореография», «Журналистика», «Ғылым», «Вокал», «Бейнелеу өнері» сынды аталымдар болды. Соның нәтижесінде 34 адам өңірдің мәдениеті мен ғылымына қосқан үлестері үшін сыйлықтар алды.

  «Міне, 17 жыл қатарынан біз өңіріміздің ең талантты адамдарын марапаттап келеміз. Олар өңір дамуына үлес қосып, еңбектеніп жатқан таланттылар. Жалпы клуб қызметі сан алуыан, жылдан жылға ұйымның жұмысы ұлғайып келеді. Клуб мүшелерінің шешімі бойынша келесі жылы аталымдар саны көбееді. Енді спорттық жетістіктер де назарға алынатын болады. Бұл өте дұрыс шешім, өйткені талантыларды қолдау керек, ал спорт ең біріншіден өскелең ұрпақтың салауаттылығы. Бұл қадамдар өңіріміздің кәсіпкерлері әлеуметтік жауапкершілік саласындағы жасап жатқан жұмыстарының бір сыпырасы ғана», – деп хабарлады «Диевская» Агрофирмасы» ЖШС директоры Олег Даниленко.

 Жеңімпаздар болса марапаттаулар мен қаржылық сыйлықтар үшін алғыстарын жаудырды. Олардың айтуынша бұл марапттау адамдарға демеу болып, жаңа жетістіктерге жетуге, тек жақсы жағынан танылуға көмек береді. Клуб сыйлығы бірегей жоба, мұндай әлеуметтік шаралар бүкіл республика бойынша жалғыз осы өңірде қолға алынған. Жергілікті табысты бизнесмендер бірігіп, өз жерлестеріне қол ұшын созып, адамдардың арасындағы ауызбірлік, ынтымақтастық, бауырмалдық қасиеттерін арттырып келеді. Сыйлық алған ақын Александра Суслова айтпақшы «Жақсылық жасаған қолдан рауаш гүлдің хош иісі еседі».   

  «Небәрі бір-екі жылдан кейін сыйлығымыздың мерейтойлық 500-ші данасын табыстайтын боламыз. Біреулер бұл жай ғана сандар деп ойлауы мүмкін. Неігізінде бұл біздің кәсіпкерлеріміздің маңдай терімен тапқан еңбегі, өйткені қазір әлем бойынша экономикалық құлдырау жүріп жатыр. Біздің клуб жұмысын жалғастыра береді. Біздің меценаттарға қол соғайықшы»,– деді Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов.

Қостанай облысының Меценаттар клубы осы уақытқа дейін 205 млн теңгені құрайтын 420 сыйлық берген. Лауреаттар саны 431 адам және 37 шығармашылық ұжым. Клуб тұрақты түрде әлеуеметтік мұқтаждығы бар адамдарға, ауру балаларға қымбат дәрілер алуға  демеушілік жасап отырады.

 Қостанай облысы Меценаттар клубын ӨКП Өңірлік кеңесінің төрағасы  «Иволга-Холдинг» ЖШС бас директоры Василий Розинов басқарып келеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер