«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнесті қорғау

FAQ

Алматының «Қайрат» футбол клубы жеке меншікке өтеді

2017 жылғы 24 Мамыр
- Алматы қаласы
6741 просмотров

Алматы қаласы қаржы басқармасы жекешелендірудің екінші толқынына жататын нысандар тізімін атады

Алматы қаласы қаржы басқармысы жетекшісінің орынбасары Мейірзат Қалиев мемлекеттік мүлікті жекешелендіруге ниетті кәсіпкерлермен кездесті. Басқарма өкілі кәсіпкерлерді бәсекелік ортаға берілетін нысандар тізімімен таныстырды. Жекешелендіру науқанына қатысу үшін 2017 жылдың 22 мамыры мен 6 маусымы аралығында Қаржы басқармасына өтінім беру қажет.

Бәсекелік ортаға «Алматы қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» ЖШС, «Алматыжарнама» ЖШС, «Алматыметроқұрылыс» АҚ, «Алматы мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру өңірлік орталығы» ЖШС, Әбілхан Қастеев атындағы бейнелеу өнері және техникалық көркемдеу мектебі, «Қалалық стоматологиялық емхана» МҚМ, «Қалалық стоматологиялық балалар емханасы» МҚМ», «Өңірлік диагностикалық орталық» МҚМ, «№34 Қалалық емхана» МҚМ, «№ 8 Оқушылар үйі» МҚМ, « Р.Глиэр атындағы №2 балалар музыка мектебі» МҚМ, «Ақпараттық жүйелер орталығы» ЖШС, «Тәртіп» АҚ, «Специализированный комбинат ритуальных услуг» ЖШС, «Қайрат» футбол клубы» ЖШС беріледі.

  «Биыл кәсіпорындарды мүлікті хаттауға денсаулық сақтау мен білім беру салаларында 6 нысан қосып отырмыз. Неге? Өйткені олар базалық емес, қосымша білім береді. Демек, бұл мекемелерді нарықтық сала тезіне салса, бәсекелікке қабілеттілігі арта түседі. Білім сапасы, мұғалімдерге қойылатын талап барлығы жақсарады. Денсаулық сақтау нысандары бойынша да жағдай осындай. Стоматолгиялық қызмет нарықта шындалған, сондықтан балалар стоматологиялық емханасын жекеге беру мәселесі шешілді.  Әбілхан Қастеев атындағы бейнелеу өнері және техникалық көркемдеу мектебі балансында 1700 шаршы метрді құрайтын жылжымайтын мүлік бар.  Бұл мектеп балаларды бейнелеу өнеріне бейімдейтін  әрі  ЮНЕСКО деңгейінде мәртебесі бар жалғыз оқу орны. Балалар түрлі байқауларға қатысып, шетелде ел намысын қорғап, жүлделер алады», – деді Мейірзат Қалиев.

Маманнық айтуынша жоғарыда аталған барлық мекемелердің мемлекеттік тапсырыстарв бар. Осы нысандарды жекешелендірген кәсіпкерлер ҚР Денсаулық сақтау мен ҚР Білім және ғылым  министрлігі қойған талаптарға сай келсе, онда мемлекеттік тапсырысқа ие болады. Балалар үй мен музыкалық мектептің мүлігі жоқ, олар нысандарыд жалға алады. Дегенмен аталмыш балалар үйі мен музыкалық мектептің әлеуеті жоғары, бұл мекемелерге балалар көп келеді, бюджеттен бөлінетін қаржылары, ата-аналар қоры бар. Біз халықаралаық сараптама жасадық, соның нәтижесінде шетелдік білім бер мекемелердің қызметі өте қымбат екені анықталды.

Жекешелендіруге ұсынылған нысандар сипаттасымен жақынырақ   мына жерден  танысуға болады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер