«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнесті қорғау

FAQ

Қостанайда «Bastau Бизнес» жобасының алғашқы бітірушілеріне сертификат табысталды

2017 жылғы 29 Мамыр
- Қостанай облысы
6047 просмотров

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында кәсіпкерлік негіздерінен 324 адам білім алып, оның ішінде 218 қатысушы жеке кәсіп ашуға дайын

Облыстың 6 ауданынан қатысқан білім алушылар тегін курсты аяқтап, тиісті сертификатты алды. Оларға қаржылық сауаттылық, маркетинг пен заң негіздері бойынша білім беріліп, бизнес-жоспар дайындау, комиссия алдында бизнес-жобаларды сәтті қорғау үшін шешендік өнер оқытылды.

Курсқа жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған тұрғындар қатыса алады. Басты талап – кәсіпкерлікпен айынлысуға деген құлшыныс. Алдын ала тестілеу қорытындысында әрбір үміткердің икемі мен қабілеті анықталды. Қостанай ауданынан қатысқан Владимир Веремюк көп жылдан бері омартамен айналысып келе жатыр. Бал жақсы табыс көзі, 40 литрлік флягтан 80 мың теңге пайда табуға болатынын жасырмайды. Неғұрлым көп жинасаң, табысың да соғұрлым жақсы.

«Қазір  аздап үлкейту үшін қажетті жабдықтарды сатып алғым келеді. Барлығын есептедім, 1 млн 350 мың теңге қажет. Әрине, бағдарлама бойынша жеңілдетілген несие алуға қатысып көремін, сертификатым да қолымда. Егер өнімділік артса, екі есе көбейтемін. Курста көп нәрсені үйреттім, біліммен қатар құлшынысым да артты. Ауылда да өсуге болатынын түсінесін. Пайдасы мол», ­– деді Владимир Веремюк.

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының қаржылай емес операторы болып отырған әрі  «Bastau-Бизнес» жобасын басқарып отырған Кәсіпкерлер палатасында бизнес жобаларға талдау жасалды: бизнес-жобалардың 80% мал шаруашылығына негізделген. Қалғандары қызмет көсрету, тасымалдау мен қоғамдық тамақтандыру қызметіне арналған.

«Қатысушылар құс шаруашылығына қатысты жобаны қорғады. Жобалардың ішінде аудандардың бірінде балаларға арналған орталық ашу, құрылыс материалдарын шығару да ұсынылды. Бағдарлама отбасына табыс әкелетін, ауылдық жерде маңызы бар жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді. Ең бастысы жеңілдетілген несие ғана емес, Кәсіпкерлер палатасы жеке кәсібін ашқан әрбір қатысушыға кеңес беріп, жыл бойы сүйемелдеу қызметін атқарады. Тіркеу, заң бойынша кеңес беру, салық мәселелерінде толықтай көмек көрсетеді. Бір сөзбен айтқанда барлық кезеңде қолдау білдіреді», – дейді, Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасы қаржылай емес қолдау көрсету бөлімінің басшысы робер Юсупов.

Бүгінде «Bastau-Бизнес» жобасының екінші кезеңі басталды. Білім алуға 238 адам қатысып жатыр. Жалпы жоба аяқталған соң Қазақстан бойынша 3000 кәсіпкерлік субъектісі ашылады деп жоспарланған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер