«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнесті қорғау

FAQ

Тауар өндірушілерге арналған роуд-шоу өтеді

2017 жылғы 04 Тамыз
4898 просмотров

Ұлы Жібек жолы мен ТМД нарықтарына отандық тауарды шығару бойынша бизнес-семинарлар

 31 шілде күні Қазақстанда тауар өндірушілерін экспортқа бағдарлайтын  роуд-шоу, яғни таныстырылымды бизнес-семинарлар өтпек. Семинарлар отандық өнімді ТМД елдері мен Ұлы Жібек Жолы (Түркия, Қытай, Үндістан, Иран, Ауғанстан, Пәкістан және т.б.) нарықтарына қарай бейімдеу мақсатында ұйымдастырылады. Шаралар 4 қыркүйектен басталып, еліміздің 12 облысы мен үш шағын қалада өтетін болады, семиианралрға бес мыңға жуық тауар өндіруші қатысады деп күтілуде.

Бұл жоба «Атамекен» ҚР ҰКП, ҚР Ұлттық экономика министрлігі, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ, «Kazakh Export» Экспорт сақтандыру компаниясы» АҚ, жетекші бизнес-қауымдастықтар мен одақтар, сонымен қатар өңірлік әкімдіктер қолдауымен  «Zoodel» халықаралық жетекші онлайн сауда алаңы бастамасымен ұйымдастырылып отыр.

 «Zoodel» онлайн сауда платформасы шағын және орта бизнеске экспортқа шығу үшін қосымша көмек атқарып отыр. Отандық тауар өндірушілерінің өнімі электронды каталог арқылы таралып, сатылымға қойылып жатыр. Мұндай мүмкіндік саудадағы шекараларды жояды, сонымен қатар шетелдіктермен іскер байланыс орнатуға жол ашады», – деді «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев.

 «Қазақстанның ДСҰ мен ЕАЭО сынды ірі ұйымдар құрамына кіруі және бәсекелестіктің күннен күнге өсуі мен қазақстандық тауарға деген сұраныстың артуы отандық тауар өндіруішілеріне жаңа сауда алаңдарына шығуға талпындыруы керек. Сондықтан  экспортты дамыту және отандық тауар өндірушілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру Қазақстан экономикалық саясатының басым бағыттарының бірі. Халықаралық онлай сауда алаңдарының пайда болуы отандық брендтердің әлемдік танымалдығын қалыптастырудың бірінші қадамы деп сенеміз», – деді «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма төрағысының орынбасары Мейіржан Майкенов.

Қазақстанда эскпортты мемлекеттік қолдау шараларын «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ, «Атамекен» ҚР ҰКП,  «Kazakh Export» Экспорт сақтандыру компаниясы» АҚ компаниялары атқарып келеді. Осы ұйымдардың қолдауымен даму институттары желісі іске қосылып жатыр, экспорттық операцияларын орындау үшін заңнамалар жетілдірілуде. Осы ретте «Zoodel» компаниясы ұсынған қызмет түрі сыртқы нарыққа шығудың тағы бір тиімді жолы болып табылады.

«Сыртқы нарыққа ұмтылған тауар өндірушілердің көбі жарты жолда қалып қоятыны жасырын емес, өйткені үдерісте түрлі қиындықтар орын алады, экспорт мүмкіндіктері жайында толық ақпарат болмай жатады. Бизнесті қолдау ретінде біз кешенді ІТ-шешімдерді ұсынамыз.

Көптілді контент құру арқылы біз тілдік кедергіні толық жойдық. Клиенттерді табу, маркетингтік көмек, сауда серкітестерді теңдестіру, логистиканы есептеу қызметі көрсетіледі. www.zoodel.com  біздің алаңда жұмыс істеу арқылы тауар өндіруішер өз кабинетінен шықпай-ақ,  экспорт операциялары тізбегін басқара алады», – деді «Orient Swiss Kazakhstan» ЖШС бас директоры Сардор Мухамедалиев.

Бизнес-семинар туралы толық ақпаратты мына нөмер арқылы білуге болады:   +7 776 557 79 03


Еншілес ұйымдар

Серіктестер