«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнесті қорғау

FAQ

Қостанайда туризмге ден қойылмақ

2017 жылғы 07 Тамыз
- Қостанай облысы
4758 просмотров

Қостанай облысында туризм, қонақ үй  және мейрамхана бизнесінің алғашқы қауымдастығы құрылады   

Туризм саласындағы кәсіпкерлер бірігіп, жүйелі мәселелерді шешуге күш салмақ. Саладағы түйіткілдерді көтеріп, тиімді жұмыс атқару мақсатында Өңірлік кәсіпкерлер палатасында арнайы жиын өтті. Кәсіпкерлердің басын қосып, бірігу идеясын ортаға тастап, қауымдастық құруды ұсынған «Атамекен» Өңірлік кәсіпкерлер палатасы болатын.

«Шетелге барсақ, сервисті толық көлемде аламыз. Сіз сыртқа шықпай-ақ ақшаңызды неге және қалай жұмсалатынын алдын ала бағдарлайсыз. Ал бізде олай емес. Өңірдің сырттан турист тартуда айтарлықтай әлеуеті бар. Баршамыз мақтан тұтар қорықтар мен табиғаты сұлу орындар көздің жауын алады. Алайда қонақтарды осы нарыққа тартып, қажетті деңгейде қызмет көрсете алмай келеміз. Өйткені жүйелі жұмыс жоқ. Сондықтан өзекті мәселелерді шешу үшін бірігіп әрекет істеу маңызды», – деді Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Ольга Габидулина.

Мәселен, Қостанай облысындағы демалыс аймақтары мен тартымды жерлері жайында ақпарат жоқ. Бұл мәселені жиынға келген қатысушылар да растап отыр, интернет желісінде тартымдылығы жоғары жерлер тіпті жарнамаланбайды. Жергілікті қонақ үйлер мен демалыс орындары туралы туристік карталар мен кітапшалар ретіндегі полиграфиялық өнім арагідік таратылады, жалпы алғанда мұндай жарнамалық буклеттер вокзалдан бастап қонақ үйге дейін күнбе күн таратылуы тиіс.  

Отандық туризмдегі тағы бір өзекті мәселе – мейрамхана мен қонақ үй бизнесіндегі кәсіби мамандардың тапшылығы. Жылдан жылға білікті мамандарды табу, жұмысқа тарту қиындап келеді дейді қонақ үй жетекшілері. Колледж түлектері мамандықтары бойынша жұмысқа тұруға құлықсыз немесе жұмысқа тұру үшін жоғары жалақы талап етеді.  

 «Жұмыс іздегендердің бәрі бірден жоғары лауазымға тұрғысы келеді, тым болмағанда ресепшн әкімшісі болуға тырысады. Жұмыс тәжірибесін төменнен, асханадан ешкім бастағысы жоқ. Дегенмен адамның тәжірибесі болмаса ресепшнге де қоя алмайсың. Өйткені қонақтарды қабылдайтын адам сол қонақ үйдің, мемлекеттің бетке ұстары емес пе? Бізде қызметкерлер қонақтарды күліп қарсалуды әлі де үйренген жоқ. Сондықтан кадр мәселесін шешуді де кейін қалдыруға болмайды», – деді «Тобыл» мейрамханасының директоры Анар Дәукетова.

Жаңа қауымдастық осы және өзге де мәселелерді жүйелі шешу үшін құрылмақ. Жекелей күресуден гөрі, жұмылып әрекет еткен әлдеқайда тиімді дейді сала кәсіпкерлері. Қауымдастықта көтерілген әрбір мәселе жергілікті атқарушы органдар мен ӨКП арқылы талқыланып, шешіледі деп көзделуде. Осындай салалық қауымдастықтар әр өңірде құрылған. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей туризм саласының дамуы негізінен өңір деңгейінде шешіледі.

Жаңа құрылған қауымдастық жетекшілігіне бірауыздан «Медеу» қонақ үйі директоры Гауһар Бектасованы сайлады. Аталған қауымдастыққа өңірдегі туризм саласында еңбектеніп жатқан кез келген  кәсіпорын мүше бола алады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер