«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнесті қорғау

FAQ

Абылай Мырзахметов Мемлекет басшысының сауалдарына жауап берді

2018 жылғы 09 Ақпан
10721 просмотров

Дереккөз: http://www.akorda.kz/kz

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов бизнесті қолдау мен дамыту шаралары туралы баяндады

Басқарма Төрағасының айтуынша мемлекеттің бизнесті қолдаудағы шараларының тиімділгінен жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар санының артуын көруге болады. «Атамекен» Үкіметпен бірлесіп кәсіпкерлікті дамыту үшін талаптарды жақсартуда заң шығару жұмысымен айналысады.

«Рұқсатты үш есе қысқартып қана қоймай, ең бастысы қалқан қойдық. Енді ведомстволар мен министрліктер ешқандай нормативті актілерді қабылдай алмайды – тек Парламент арқылы. Бұл норма қатаң. Нақты алғанда, былтыр заңнамалық деңгейде бір де бір жаңа кедергі туындамады, себебі жүйелі сүзгі сондай. 100 мыңнан аса кәсіпорын қайта құрылып, нарықта жұмыс істеп жатыр», – деп хабарлады Абылай Мырзахметов.

Мемлекет басшысы Абылай Мырзахметовтен жекешелендіру шағын және орта бизнестің үлесін арттыруға қаншалықты әсер ететіндігін сұрады.

«Жекешелердіруден көмек бар, оның нәтижесі таяу жылдарда көретін шығармыз. Жекешелендірудегі ең бастысы – мемлекеттің экономикадағы үлесін азайту. Мемлекет пен квазимемлекеттік сектордың үлесі азайтылғанда, бизнеске жол ашылатыны түсінікті. Бұл жұмыс жалғасып жатыр», – деп хабарлады Абылай Мырзахметов.

Сонымен қатар Ұлттық палата Басқарма Төрағасы Үкіметпен бірлесіп бақылау-қадағалау функциясын қысқартуға қатысты атқарған жұмысты атап өтті. Оның айтуынша, соңғы жылдары Қазақстанда тексеру санының үштен екісі азайған. Тәуекелді басқару жүйесі енгізілді.

«Жаппай тексеру ауқымын қысқарттық, қазір анағұрлым жетік тексеруді – цифрландыруға қатысы бар тәуекелді басқару жүйесін қойдық. Енді компьютерлік жүйе қай жерде қауіп аймағы бар: қай жерде ушығып тұр, қай жерде салық аз төленеді, кеден бойынша «сұр аймақтар» қай жерде екенін анықтайды. Жұмыс жүйелі түрде жалғасуда, мұны Үкіметпен серіктесіп атқарып отырмыз», – деп хабарлады Абылай Мырзахметов.

Басқарма Төрағасы кәсіпорындар өздері ұйымға бірігіп, өз стандарттарымен  бизнесті дербес реттеп отырған уақытта өзін-өзі реттеу жүйесін енгізуге назар аударды. Сонымен қатар, «Атамекеннің» халықты кәсіпкерлік негіздеріне оқыту бойынша атқарып жатқан жұмысы жайында хабар берді.

«Бастау Бизнес» біз күткеннен де асып түсті. Еліміздің 80 ауданында 15 мың адамды оқыту міндеті қойылған еді. Соның 20% өз бизнесін ашады деп жоспарланған. Алайда нәтижеге көз салсақ, 3,1 мың адам бизнес ашты, 8 мың адам бизнес-жоспар дайындады. Биыл 160 ауданда оқыту жүреді», – деді Абылай Мырзахметов.

Сөз соңында Абылай Мырзахметов бүгінде «Атамекен» кәсіпкерлер ғана емес, қарапайым жұртшылық та енгізудің тиімділігін көрсін деп цифрландыру мәселесіне қатысты түсіндіру жұмысына да белсенді қатысып отырғанын айтты.

Жиын соңында Мемлекет басшысы биылғы Жолдаудың барлық басымдығын жүзеге асырудың маңыздылығын атап, әрбір басшының жүзеге асырудағы жауапкершілігін нықтап жеткізді.

«Жолдауда мен төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы он нақты тапсырманы қойдым. Президент Әкімшілігі, Үкімет, Парламент, әкім, «Атамекен» ҚР ҰКП және ұлттық холдингтерге тиісті жұмысты бағыттау керек. Бүгін ескерілуі тиіс бірқатар түйткілді мәселелерді атадым. Атқарылып отырған конституциялық реформа мен күрделі геосаяси жағдайда барлығы белсенді болып, ұйымдасып жұмыс істеу керек», – деп тұжырымдады Нұрсұлтан Назарбаев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер