«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнесті қорғау

FAQ

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасында қандай жаңалық бар?

2018 жылғы 14 Ақпан
- Жетісу облысы
1879 просмотров

Соңғы өзгерістер қаржылай қолдау шарттары бойынша енгізілген

«Нұр Отан» партиясының Талдықорған қаласындағы филиалында «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында мемлекеттік қолдау алу мәселелері бойынша азаматтарды бірыңғай қабылдау күні өтті.

Шара жыл сайын мемлекеттік органдар мен даму институттарының қатысуымен өтеді. Азаматтарды қабылдауды Кәсіпкерлер палатасының, «Даму» қорының, кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының, кәсіпкерлік бөлімінің, ауыл шаруашылығы бөлімінің, білім беру бөлімінің мамандары жүргізді.

Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлікке қаржылай емес қолдау көрсету бөлімінің басшысы Ерлан Датқаевтың сөзінше, мектепке дейінгі білім беру саласында өзекті мәселелері бар кәсіпкерлерге кеңес берілді.

«Жекеменшік балабақшалардың өкілдері кейбір жаңа санитарлық-эпидемиологиялық талаптар кәсіпкерлердің құқығын шектейтінін айтты. Бұл мәселені жан-жақты талқылап, аталмыш нормаларды кеңінен түсіндіру үшін Кәсіпкерлер палатасында мемлекеттік органдардың қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастыруды жоспарладық. Сонымен бірге жеке тасымалдаумен айналысатын кәсіпкерлер де өз сауалдарын қойды», -  деп атап өтті Ерлан Датқаев.

Азаматтарды бірыңғай қабылдау күні келушілерге «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасына енгізілген соңғы өзгерістер таныстырылды.

Мәселен, жаңа редакция бойынша, бағдарламадан облыс пен қалалық әкімшіліктер жанында жұмыс істейтін Өңірлік үйлестіру кеңесі алынып тасталды. Енді шағын жобалардың несиесіне субсидия беруде шешімді «Даму» қоры қабылдайды. 180 млн теңгеден аспайтын несиелерді қор 5 жұмыс күні ішінде қарастырса, 180 млн теңгеден астам несиелер бойынша шешімді бірыңғай бағдарламаның Өңірлік үйлестірушісі 21 жұмыс күні ішінде қабылдайды.

Сонымен бірге жобаларды субсидиялауды және несиеге кепілдік беруді мақұлдау кезінде бағдарламаның шектеу қойылатын критерийлері тізімінен қонақ үй бизнесі алынып тасталдынды. Ендігі таңда қонақ үй немесе қонақ үй кешендерін сатып алу бағытында жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мемлекеттік қолдауға сүйене алады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер