«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнесті қорғау

FAQ

Несие серіктестіктерінің адал қатысушылары тыйым салуды алып тастауды сұрайды

2018 жылғы 16 Сәуір
- Шығыс Қазақстан облысы
4203 просмотров

Шығыс Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасының алаңында несие серіктестері өкілдерінің Еңбек және халықтың әлеуметтік қорғау министрлігінің жанындағы Жұмыспен қамтуды үйлестіру басқарамасының басшысы Бота Құлтаевамен кездесуі өтті.  

Бота Құлтаева өңірде «Жұмыспен қамтуды жол картасы–2020» бағдарламасы арқылы несие алғандардың түйткілді мәселелерін шешу үшін үкіметте барлық шара қабылданып жатқанын хабарлады. Аталған бағдарлама 2011 жылы қолданысқа берілді. Шығыс Қазақстан облысы тұрғындарына қаржы беруде бас оператор ретіндегі қызметті «Ертіс» ӘКК ҰК» АҚ атқарды. Алайда уақыт өте келе несие серіктестігінде мемлекеттің қаржысын қайтаруға қатысты мәселесі туындаған. Әлеуметтік кәсіпкерлік кооперативі қарызды сот арқылы өтеуді бастады. Несие серіктестігіне қатысушылардың барлығы да айтарлықтай жауапкершілікті артып, қарызды уақытылы төлеп отырса да, борышкер болып қалатыны анықталды.

«Бізге несиені әкімдікте ұсынды, олар қаржыны игеруі тиіс еді. Қазір түсініп отырмыз, ешқайсымыз да қатерге бас тікенімізді білмеген едік», – дейді «Бірлік Зырян» несие серіктестінің қатысушысы Әсия Ахметова.

Қазіргі таңда көптеген несие төлеушілер өздерінің несие серіктестігінің құрамында салық төлеушілер болғаны үшін мүлкі мен шотына тыйым салынған. Мұнымен қоса оларда басқа мәселелер туындап жатыр, олардың көбі жұмысқа да орналаса алмай келеді.

«Мен ағымдағы жағдаймен танысу үшін келдім. Келесі аптада үкіметке ресми ақпарат дайындаймыз. Несие серіктестерінің адал қатысушыларына қатысты біріккен жауапкершілікті алу мәселесі шешіледі. Сондай-ақ мемлекеттік құрылым да, сот орындаушылары да адал қатысушылармен жеке жұмыс істейді. Бүгінде ең бірінші мәселе біріккен жауапкершілікті алу», – деп атап өтті Бота Құлтаева.

Сонымен қатар ол министрлік Шығыс Қазқастан облысы әкіміді мен «Ертіс» ӘКК ҰК» АҚ, қаржы министрлігі, облыс прокуратурасына белгілі бір ұсынымдар жолдағанын хабарлады. Қиындық тудырған қарыз алушаларға қатысты ахуал мониторингі жүргізіледі.

Еске салсақ, несие серіктестерінің мәселесі облыстың кәсіпкерлер палатасының алаңында бірнеше рет талқыланды. Сонымен қатар бұл мәселе республикалық деңгейде ҚР Үкіметі мен Бас прокуратурасына да жолданды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер