«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнесті қорғау

FAQ

Қоқыс өңдеу бизнесі өзекті

2018 жылғы 01 Маусым
- Қостанай облысы
5194 просмотров

«Мың рет естігенше, бір рет көрген артық», – деп шешкен Ринат Алтынбеков қоқысты өңдеу бойынша тәжірибе алмасуға Дрезденге аттанды. Бұл сапар «Іскерлік байланыс» бағдарламасы арқылы жүзеге асқан.

«Жаркөл» ЖШС Федоров ауданында қоқыс жинаумен, оны полигондарға жеткізумен айналысады. Ринат Алтынбеков бизнесін кеңейтіп, енді қоқысты өңдеуді қолға алмақ болады. Бастапқыда кәсіпкер «Бизнес-Кеңесші» крусын тәмамдайды, онда білімін арттырып, мамандарға жоспарлары жайында айтады. Кәсіпкерді тыңдаған бизнес-тренер оған «Іскерлік байланыс» жобасына қатысып, Германияға баруды ұсынады. Бұл ел тұрмыс қалдықтарын өңдеуде көш ілгері екені дауысыз. Ринат көп ойланбай, Дрезденге аттанады.

 «Ойымдағы нәрсені іс жүзінде көрдім. Велосипедті ойлап табудың қажеті жоқ. Нақты үлгі бар, оны игерген соң қандай бағытта даму керек екенін түсінесің». Бұл өте пайдалы тәжірибе болды», – деді Ринат Алтынбеков.

Дрезденде қостанайлық кәсіпкер өндірістік үдеріспен етене танысты, өз кәсібі бойынша мамандармен сөйлесіп, көп жаңалықтар ашты. Мәселен, қоқыс жинау және өңдеу бойынша неміс моделімен танысты.

 Германия бұл салада әлемдік көшбасшы болып табылады. Бұл мемлекетте қоқыстың 66%-ы пайдаға асады.  

 «Ондағы жергілікті билік экологиялық ахуалды жақсартуға ынталы. Сондықтан қоқыс, полигондарға қатысты қызметті муниципалды орган орындайды. Дрездендік кәсіпкерлер бұл бағытта тұрғындардан ақша жинап әуре болмайды. Германия мемлекеті қоқыс жинау үдерісін қатаң бақылауда ұстап отыр. Ал қоқысты өңдеуге келгенде жұмысқа жеке кәсіпкерлер кіріседі. Бұл байқау негізінде жүзеге асады»,– деді кәсіпкер.

 Германияда қоқысты бөліп жинау мәдениеті қалыптасқан. Сондықтан оларда қоқыстың барлық түрі өңдеуге жіберіледі. Немістер ақшаның иісі жоқ деген сенімде.

 Ал біздің қоғамда халық енді ғана түрлі-түсті контейнерлерге үйренісіп жатыр. Сондықтан пластикті өңдеуге инвестиция салуға Ринат Алтынбеков асықпайды, оның мақсаты – органикадан тыңайтқыш өндіру.

 Кәсіпкер болашақта немістің жабдығын сатып алмақ. Қазіргі таңда қаржы мәселесі шешілуде.

 .


Еншілес ұйымдар

Серіктестер