«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнесті қорғау

FAQ

Қостанай өңірлік кеңесінің құрамы өзгерді

2018 жылғы 04 Маусым
- Қостанай облысы
5264 просмотров

Қостанайда Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиында кеңес құрамының өзгергені жайында хабарланды.

 Қостанай облысының кәсіпкерлер палатасы директоры Мұрат Әбеновтың айтуынша мамыр айы іс-шараға толы болды. 17 мамыр күні «Атамекен» басшысы Тимур Құлыбаевтың қатысуымен өткен Өңірлік кеңестің кеңейтілген отырысында бизнес өкілдері өз мәселелерін көтерген болатын. Онда ауыл шаурашылығы өкілдеріне жеңілдетілген бағамен берілетін дизель отынының тапшылығы, Өзбекстан мен Ауғанстанға ұн экспортының азаюы, бидайды терең өңдеуге салықтың алынуы сынды түйткілдер айтылды.

 «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқалығы жанынан салалық комитеттер жұмыс істейді, оның жұмысына өңір бизнесі өкілдерін, сондай-ақ Өңірлік кеңес мүшелерін тарту керек. Жуырда құрылысшылардың облыстық қауымдастығын құрмақпыз, бұл бірлестік салалық комитетпен тығыз жұмыс істейтін болады. Барлық сұрақтар бақылауға алынған», – деді Мұрат Әбенов.

25 мамыр күні Қостанай облысына жұмыс сапарымен барған  ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев өңірдегі бизнес дамуына назар аударды. Сапардың басты тақырыбы Елбасы қол қойған  Кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру бойынша заңнама болды.

 Аталған заңға қостанайлық кәсіпкерлер қолдау білдірді: атап айтқанда шаруа қожалығыны директоры, «Аллюр» компаниялар тобы» АҚ президенті Олег Цой мен «Репако» жарнама агенттігінің директоры Наталья Булатова оң пікірлерін айтты.

 «Бақытжан Сағынтаев Кәсіпкерлерге қолдау көрсету орталығы жұмысымен әрі «Бастау» бағдарламасы бойынша жүзеге асып жатқан жобалармен танысты.  Көрмеде 10 жоба таныстырылған болатын. ҚР Премьер-Министрі әр қатысушымен жеке сөйлесіп, «Бастау»  жобасы мен «Атамекен Қостанай» шағын несиелеу ұйымына оң баға берді», – деді Мұрат Әбенов.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе Өңірлік кеңес құрамының өзгеруіне байланысты болды. Кеңес құрамына бірден жаңа 4 өкіл қосылды.  

 Кеңес мүшелері құрамға «Асалия» ЖШС директоры Дулат Шаяхметовты, «Иволга-Холдинг» ЖШС сенімді басқарушы Айдарбек Ходжаназаровты, «Репако» жарнама агентігінің директоры   Наталья Булатованы және «Қазақстанның Халық банкі» қостанайлық филиалы директоры  Иван Скородиевскийді

бір ауыздан қабылдады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер