«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнесті қорғау

FAQ

«Тауарды таңбалау»: жүйеде кемшілік бар

2018 жылғы 15 Тамыз
3382 просмотров

2017 жылдың 27 қарашасында «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы тері бұйымдарын таңбалау мақсатында  ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетімен бірлесіп, «Тері бұйымдарын таңбалау жүйесі» пилоттық жобасын іске қосу жайында хабарлап, таныстырылымын жасаған болатын.

Пилоттық жобаны іске асырмағанға дейін Ұлттық палата, ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті және жүйені әзірлеуші – «GS1 Қазақстан» қауымдастығымен бірігіп, кәсіпкерлер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізген болатын.

Таңбалау жүйесін іске қосқаннан кейін де түсіндіру жұмыстары жалғасты.

 «Атамекен» өз тарапынан кәсіпкерлердің іс-әрекеттері алгоритмі бойынша, ақпараттық жүйемен жұмыс істеу кезінде де, процеске қатысушылармен өзара іс-қимыл жасау бойынша консультациялар мен түсіндіру жұмыстарын өткізді.  Өңірлік палаталары «Тауарды таңбалау» ақпараттық жүйесіне деректерді енгізуге көмектесіп, жергілікті жерлерде Мемлекеттік кірістер комитетімен бірлесіп, кәсіпкерлерге оқу семинарларын өткізді.

 «Жалпы табиғи теріден жасалған бұйымдарды таңбалаудың пилоттық жобасы тең бәсекелестікті қамтамасыз ету және оатндық тұтынушыны жалған өнімнен қорғауға бағытталған, бүгінде жоба оң нәтижелерге ие. Қазіргі таңда 235 мыңнан астам тері бұйымдары таңбаланды, бюджетке түсімдер өсіп, заңсыз өнім үлесі төмендеген», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП Экономикалық интеграциялау департаментінің сарапшысы Нұрлыбек Исабеков.

 ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті 2017 жылғы 27 қарашадан бастап 2018 жылғы 30 маусымға дейін таңбалау жүйесін енгізу кезеңінде өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда   кедендік төлемдер мен салықтар түсімі  78,2 млн. теңгеге (28,7 млн.теңгеден 106,7 млн. теңгеге дейін) өскен, демек үш есе өсу байқалып отыр.

Алайда таңбалау жүйесінде оң үдеріспен қатар тежейтін де тұстары бар. Кедергі келтіретін факторлардың бірі – «Тауарларды таңбалау» ақпараттық жүйесі жиі шалыс жұмыс істейді. Кәсіпкерлер деректерді ақпараттық жүйеге ғана емес, сондай-ақ «GS1 Қазақстан» жүйесіне де бірнеше рет салуға мәжбүр.  

«Осы ретте Мемлекеттік кірістер комитетінің  кедендік декларациялар туралы ақпарат беруді жүзеге асыратын «Таис-2» ақпараттық жүйесімен біріктіру 2018 жылдың қаңтар айының ортасында ғана жүзеге асырылды. Ал сәуір айында  «Астана-1» ақпараттық жүйесіне көшу бойынша жұмыс жүргізілді. Алайда бұл жүйенің жұмысы аяқталмай, толыққанды шешілмей келеді», – Нұрлыбек Исабеков.

Нақтырақ айтсақ, үшінші елдерден тауарларды импорттағанда негізгі мәселе – «Астана-1» кедендік жүйесімен біріктіру кезінде орын алған олқылықтар салдарынан  Ақпараттық жүйеде кедендік декларация жоқ болып отыр.  

  «Тауарды таңбалау»  жүйесінде қосымша толтыруға қажетті жолдардың болмауымен байланысты техникалық олқылықтар бар. Уәкілетті органдардың жұмыстарындағы жайбасарлық Қазақстан территориясында таңбалау жүйесін жүзеге асыру көрсеткіштеріне  теріс әсер етеді.

 ЕАЭОшеңберінде тауарларды таңбалау бойынша Келісімге сәйкес Одаққа мүше-мемлекеттен белгіленген және импортталған табиғи теріден жасалған бұйымдарды қайта белгілеудің қажеті жоқ. Осыған байланысты отандық кәсіпкерлер ЕАЭО мемлекеттерінен әкелінген тауарды Ақапараттық жүйеге сәйкес балансқа алса жеткілікті. Алайда ЕАЭО бойынша әріптес мемлекеттердің ақапараттық жүйелеріндегі техникалық мәселелерге байланысты жиі ауытқулар орын алып отыр, салдарынан отандық кәсіпкерлер ЕАЭО мемлекеттерінен әкелінген тауарларды балансқа апталап ала алмай дал.  

 «Тарауарды таңбалау» ақпараттық жүйесінің жұмыс істеуімен байланысты жоғарыда аталған техникалық мәселелер қаржылық шығындарды көбейтіп, отандық кәсіпкерлердің уақытын алып отыр, яғни кәсіпкер тауарды уақытында балансқа ала алмайды, бұл қызметіне кедергі», – деді Нұрлыбек Исабеков.

 Осыған байланысты кәсіпкер пилоттық жобаның жүзеге асыру ережесін бұзуға мәжбүр, өйткені «Тауарды таңбалау» жұмысындағы сәтсіздікке байланысты  ЕАЭО мемлекеттерінен әкелінген тауарды рәсімдеуге, тапсырыс беруге, қабылдауды уақытылы жасамайды.

 «Жаз маусымы аяқтауға жақын, демек табиғи теріден жасалған бұйымдар импорты ағылады, ал ақапараттық жүйедегі олқылықтар жағын арада сауданы кідірдіп, тауарды қымбаттатып жіберуі мүмкін», – деп болжады спикер.

Уәкілетті органдарға жоғарыда аталған тәуекелдерді болдытрпау үшін қысқа мерзімде шара қолдану керек. Осы ретте Ұлттық палата техникалық мәселелер жойылғанша  адал кәсіпкерлерге әкімшілік жауапкершілікті салуды шегеруді сұрайды. Сондай-ақ, уәкілетті орган өкілдері жүйе жұмысындағы кідірістерді бизнеске уақытында хабарлап отыруға міндетті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер