«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жастар кәсіпкерлігі: стартаппен қайда баруға болады?

18 Қыркүйек 2018 - Қостанай облысы
364 просмотров

Қостанайдағы бизнес жылдан жылға «жасарып» барады. Кешегі студенттер ай сайын бір жалақыға жұмыс істеуден гөрі жеке кәсіпті ашуды жөн санайды екен.

Олар жақсы амбицияларға, креативтерге толы, бастама жасауға батыл, алайда кәсіп ашуда кейде қажетті білім жетіспей жатады. 25 жасар Нүрислам Шәріпбеков мемлекеттік қолдау шараларын қолданып «Бастау» және «Іскерлік байланыс» тегін курстарын оқып шығады. Бүгінде жас жігіт жеке кәсіпкерлікті ашты.

Бастапқыда Нұрислам Шәріпбаевтың арманы басқа еді. Ол Toyota көліктерін жақсы көретін. Нәтижесінде колледж, сосын универистетті аяқтай сала ол Астанаға барып, механик болады. Бірақ ол өз бойында кәсңпкерлікке деген «ыстық ықыласты» байқай бастайды. Сол кездегі көңіл-күйін осылай түсіндіреді.

 Қостанайға қайтып келдім, де мені кәсіпкерлікке алып келетін жолдарды қарастыра бастадым. Осындай жолдың бірі – «Бастау» жобасы болды. Онда мен көп нәрсені түсіндім, пайдалы ақпарат алдым. Көп ұзамай тағы білім алу керек екенін түсіндім. Бұл бағытта «Атамекеннің» бастамалары көп. Мен «Іскерлік байланыс» жобасына қатыстым. Онда білікті адамдар білім алып жатқанын біліп, сол кісілермен бір қазанда «қайнағым» келді», – деді Нұрислам.

 «Бастау» жобасына Нұрислам нақты бизнес идеямен келді – ол ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуды көздеді. Алайда оқу кезінде барлығы күрт өзгерді. Нұрислам фото- видеоға түсіру қызметін қолға алып, түрлі іс-шараларды ұйымдастыруды кәсіп қылады. Бірінші сүбелі тапсырыс – ірі автодилерге арнап жарнама жобасын әзірлеу болды. Одан кейін тапсырыстар түсе берді...

 «Мен кәсіперлік жолымды енді бастап келем, бұл қиын да күрделі жол. Мен үшін бизнес – бұл үнемі салмаксыздық күйін кешу. Ертең барлығы тұрақты болады дегенге кепілдік жоқ. Бірақ мен оқып, үйреніп, тырысып жатырмын. Қаражат жинап, түрлі идеяларды сынап көрудемін», – деп бөлісті кәсіпкер.

Нұрислам Шәріпбаевтың айтуынша кәсіпкерлікте аяқты нық басуға оған «Бастау» жобасының үйлестірушілері көмектескен. Бұл мамандар кез келген уақытта қолдап, әр бастамада жол сілтеп, жігерлендіруге дайын. Немесе керісінше, ойластырылмаған тәуекелі көп бағыттан қайтарады.  Әрине, келешекте Нұрислам тек өзінің күшіне сенуі тиіс, ал қазір қолдау өте орынды.

«Кәсіпкерлер палаталары базасында «Жас кәсіпкер мектебі» жобасы іске асырылуда. Онда 29 жасқа дейін жастар білім алады. Оқыту бойынша жоспар – 65 адам. Бірақ қанша жыл болды, бұл көрсеткіштен асып отырмыз. Бізге мектеп оқушылар, студенттер және жас бизнесмендер қызығушылықпен келіп, білім алуға асығады. Жылдан жылға оқытатын жобаларда жастар саны артып келеді. Былтыр 29 жасқа дейін адам саны 15%-ды құраса, биыл бұл көрсеткіш 25 пайызға жетті. Жастар «Бизнес-Өсу» мен «Бизнес-Кеңесші» жобаларына қатысып отыр», – деді Қостанай ӨКП Кәсіпкерлерді қаржылай емес қолдау бөлімінің бастығы Роберт Юсупов.

 Тағы бір сүбелі ынталандыру – курсты аяқтау туралы сертификат түлектерге жеңілдетілген несие немесе қайтарымсыз қаржы алуға мүмкіндік береді. Мәселен, 21 жасар Татьяна Горбач жылыжай салуға 1 млн теңге көлемінде грант алды. Бойжеткеннің мамандығы технолог, ол фитнес-тренер болып жұмыс істеген, енді міне – жылыжай... Татьяна өз таңдауын былай түсіндіреді – өз жүрегіңді тыңдасаң, бәрі орындалады.   

 

Пікір қалдыру:

Пікірлер:

Ұқсас жаңалықтар:

Маңғыстауда шағын кәсіпкерлік жанданады
8 Тамыз
2017
Маңғыстау облысы
Туристерге арналған навигатор
20 Сәуір
2016
Алматы облысы
Сатып алу сәтін «сырт» еткізіңіз...
17 Маусым
2016
Солтүстік Қазақстан облысы

Серіктестер