«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнесті қорғау

FAQ

Қаражат игеріледі, алайда Бағдарлама жетілдіруді талап етеді

2018 жылғы 18 Қазан
3310 просмотров

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Үкімет отырысында 2017-2021 жылдарға арналған Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік бағдарламасын іске асыруға, атап айтқанда, микрокредит беру бойынша қаражаттың игерілмеуіне наразылық білдірді.

«Атамекен» ҚР ҰКП хабарлағандай, «Бастау» жобасын жүзеге асыратын Бағдарлама тиімділігін көрсетіп отыр, дегенмен әлі де өзгерістер қажет. 

«Атап айтқанда келесі жылдан бастап стартап-жобалар үшін екі жұмыс орнын құру міндеттемесі алынып тасталады. Бұл шарт тіркелген сәттен бастап 3 жылдан астам уақыт өткен кәсіпкерлер үшін қалады деген болжам бар. Біз бизнестің жұмыс орындарын құруы тиіс екенін түсінеміз, бұл бағдарлама өнімді жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге және жұмыссыз және өзін - өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды бизнеспен айналысуға тартуға бағытталған. Бірақ бұл экономикалық мақсатқа сай, бизнестің бағытымен түрімен анықталады», – деп атап өтті «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарушы директоры - жаппай кәсіпкерлік және шағын несиелеу департаментінің директоры Бауыржан Оразғалиев.

«Салықтық түсімдер бойынша сандар бұл мақсатқа қол жеткізіліп, басымдыққа ие екендігін көрсетіп отыр, - деді Б. Оразғалиев. - Бүгінгі күні қатысушылардың 95 %-ы  салық төлейді, өткен жылмен салыстырғанда аударымдар сомасы 30 % - ға артты».

Бағдарламаға сай «Бастау» жобасы бойынша шағын несиелеу «ҚазАгро» АҚ - ның еншілес ұйымдары – «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» және «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ желісі арқылы жүзеге асырылады.

Өткен жылдың қорытындысында көрсетілгендей барлық бөлінген қаражат игерілді, деп хабарлайды Ұлттық палата.

«Дегенмен «ҚазАгро» желісімен қаражатты игеру Атырау және Маңғыстау облыстарында баяу қарқынмен жүріп жатқанын мойындау қажет. Бұл жерде микрокредит алуға сұраныс басқа өңірлерге қарағанда айтарлықтай төмен, өйткені 4-6 млн теңге көлемінде қаржыландыру лимиті белгіленген. Бұл қаражат құрал-жабдықтар, құрылыс материалдары  бағасы мен мал құнындағы айырмашылыққа байланысты Бизнесті іске қосу үшін жеткіліксіз. Бұл бизнес-жобаларды іске қосу көрсеткіштерінде да көрініс табады», - деді Бауыржан Оразғалиев.

Оның айтуынша Павлодар, Ақтөбе, Ақмола облыстарында бөлінген ақша нақты қажеттілікке қарағанда аз болған.

«Егер кедергілер туралы айтатын болсақ, кредиттік серіктестік арқылы қаржыландыру кезінде қатысушыға  ондағы жоғары жарнаға байланысты оған кіру қиын. Банктер мен микроқаржы ұйымдары қалаларда жобаларды қаржыландыруға асықпайды, өйткені олар үшін бұл кредиттердің аз сомасының аздығы мен субсидиялаудың жоқтығынан тартымды емес»,-дейді «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарушы директоры, жаппай кәсіпкерлік және микрокредит беру департаментінің директоры Бауыржан Оразғалиев.

Ол сондай-ақ, қаржыландыру кезінде неғұрлым өтімді кепілдері бар жобаларға артықшылық берілетінін атап өтті. Бұл облыстарда өңірлік дамудың өзекті карталарының жоқтығынан күрделеніп отыр. Бүгінгі күнге дейін аймақтарда қандай да бір салада нақты қандай бизнес-жобаларды дамыту қажеттігі тұрғысынан елеулі зерттеулер жүргізілген жоқ.

«Егер микрокредит беру операторының функцияларын «АШҚҚҚ» АҚ-мен қатар «Атамекеннің» қатысуымен МҚҰ жүзеге асырса, кәсіпкерлердің қаржыландыруға қол жеткізуі айтарлықтай жеңілдетіледі. Ол бір терезе шеңберінде жүзеге асырылатын болады, салалық шектеулер болмайды. Қаржыландыру процесінің өзі толығымен оқытумен және жобаларды одан әрі сүйемелдеумен үйлестірілетін болады. Бұл халықаралық тәжірибе, қаржы ұйымдары жобаларды кредиттен кейінгі сүйемелдеуге белсенді тартылған. Оның үстіне, Ұлттық палатада елдің төрт өңірінде құрылған МҚҰ арқылы кредит беру тәжірибесі бар. Осы тәжірибе негізінде біз Қазақстанның әр облысында өткізілетін елдік скринингтің жаңа технологиялық шешімдері мен нәтижелерін қолдану арқылы несиелендіруді жетілдіре аламыз», - деп мәлімдеді Бауыржан Оразғалиев.

Өткен жылы «Бастау» жобасы аясында «Атамекен» 80 ауданнан 15 000 жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды оқытты. Олардың 3314-і бизнесті іске қосқан немесе кеңейткендер. Биылғы жылы жобаның географиялық ауқымы кеңейіп, 160 ауданды, 27 моноқаланы және 14 облыс орталығын қамтыды. Оқыту жоспары екі есе өсті. Қазіргі таңда оқуға жоспарланған 30 мың адамның 24 000-ға жуығы, атап айтқанда жұмыссыз, өзін-өзі жұмыспен қамтыған және ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер оқытылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер