«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнесті қорғау

FAQ

Мәскеуде «Антиконтрафакт-2018» форумы өтеді

2018 жылғы 22 Қазан
1932 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы  19-21 қараша күндері өтетін форумға аралығында қоғамдық және жастар ұйымдарын, бизнес-қоғамдастықтарды қатысуға шақырады. Халықаралық форум Ресей Федерациясы мен Еуразиялық экономикалық комиссия қолдауымен Мәскеуде өтеді.

 «Антиконтрафакт-2018» – Еуразиялық Экономикалық Одақтың пікірталас алаңы, онда қоғам, мемлекет және бизнес өкілдері нарықты заңсыз тауар мен контрафактіден сақтау, сонымен қатар зияткерлік меншік иелерінің құқықтарын қорғау мәселелерін талқылайды.   

Мақсаты – өнімнің заңсыз айналымына қарсы тұру және тауарлар мен қызметтердің дамыған нарығын қалыптастыру саласында ортақ шешімдерді әзірлеу үшін билік органдары өкілдері, бизнес-қауымдастықтар, ғылым мен қоғам өкілдерінің арасында құрылымды диалогты ұйымдастыру.

Форум пленарлық отырыстар форматында, сонымен қатар тақырыптық секциялар ретінде өтеді, онда: 

- зияткерлік меншік құқықтарын қорғау бойынша кедендік және құқық қорғау органдарының әрекеттерін үйлестіру;

- таңбалау жүйелерін және тауарлардың таратылу бағытын бақылауды дамыту;

- өнеркәсіп өнімдерін заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл саласындағы мамандар әлеуетін дамыту;

- медициналық өнім айналымы заңдылығын қамтамасыз ету;  

- құрылыс материалдары заңды өндірісін және айналымын қамтамасыз ету;  

- салық заңнамасын акцизделетін тауарлардың заңсыз айналымымен күресу құралы ретінде үйлестіру және т.б..

Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алуға болады: forum-antikontrafact.ru


Еншілес ұйымдар

Серіктестер