«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнесті қорғау

FAQ

Екі кәсіпорын басшылығы Білім министрлігінің алғыс хаттарын алды

2018 жылғы 14 Желтоқсан
- Қостанай облысы
4604 просмотров

Биыл WorldSkills  Кәсіби шеберлік бойынша ұлттық чемпионат Қостанайда алғаш рет өтті.

Іс-шараға облыстың колледждері ғана емес, сонымен қатар WorldSkills сайыстарына жабдық пен алаң ұсынған кәсіпорындар да қатысты.  14 желтоқсан күні «Орал ЛТД» ЖШС және Motors KST авто үйінің басшылығы ҚР Білім және ғылым министрлігінің  алғыс хаттарымен марапатталды.  

«Орал ЛТД» ЖШС – «Петербургский тракторный завод» акционерлік қоғамының ресми дистрибьюторы. Оның базасында «ауыл шаруашылығы машиналарын жөндеу мен қызмет көрсету» біліктілігі бойынша сайыс өтті. Қостанай автожол колледжі директорының орынбасары Сергей Булаттың айтуынша, сайыс жоғары деңгейде ұйымдастырылған.  

 «Қазіргі таңда өндірістік машығы бар жоғары оқу орны түлегін табу қиын. Сондықтан маған Өңірлік кәсіпкерлер палатсы WorldSkills-ке арнап өндірістік алаң беру бойынша өтінім жасағанда, бірден келістім. Кәсіпорын басшысы ретінде мамандар дайындауға қызығушылық танытып отырмын», – деді ЖШС бас директоры Валентин Романов.

 Валентин Романов алғыс хатын алып, жарыс бойынша өз пікірін білдірді: Бұл сыяпат қуантты, алайда қазіргі таңда үкімет деңгейде кәсіптік мамандықтарға көңіл бөлініп жатқаны көбірек қуантады.

 Motors KST автоүйі де қалыс қалмады. Бұл компанияның басшылығы қатысушыларға екі көлік ұсынды. Осындай мүмкіндік арқылы қатысушылар «жеңіл авто көліктерді жөндеу мен қызмет көрсету» біліктілігі бойынша өз шеберліктерін көрсете алды.

 Жарыс нәтижесінде студенттер 5 алтын және екі қола медалді қанжығаға байлады. Бірінші орын иелері 2019 жылы тамыз айында Қазан қаласында өтетін әлем чемпионатына қатысады.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер