«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнесті қорғау

FAQ

Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасы интернат балаларын Жаңа жылмен құттықтады

2018 жылғы 28 Желтоқсан
- Қостанай облысы
5725 просмотров

Жаңа жыл қарсаңында Бороской шипажай мектеп интернатының балалары ғажайып күтеді.

Күткендері орындалады да. Жыл сайын Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасы мен «Иволга-Алтын» ЖШС өкілдері интернатқа сыйлықтар және көтеріңкі көңіл күймен келеді.

Балалардың да қалыптасқан үрдістері бар – қонақтарды арнайы мерекелік бағдарламамен күтіп алады, іс-шараға балалар мұғалімдермен бірге бірнеше ай дайындалады.

 «Кәсіпкерлер палатасы бізге тұрақты негізде көмектесіп келеді. Балаларға мұндай қамқорлық керек. Біз де өзіміздің бас демеушілерімзді көруге қуанамыз», – деді мектеп-интернаттың директоры Гүлмира Сейдахметова.

 Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасы сарапшысы Сания Иментаеваның айтуынша, ӨКП қызметкерлері интернатқа жылына кемі 3 рет келеді.

Шипажай мектеп-интернатында туберкулезге шалдығу қаупі жоғары балалар тұрып, оқиды. Интернат қабырғасында олар білім алып қана қоймай, сондай-ақ сауығады. Оқушылар үнемі дәрігерлердің назарында. Қазіргі таңда интернатта 114 бала бар, бұл сан өзгеріп тұрады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер