«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнесті қорғау

FAQ

Түркістан облысында кәсіпкерден заңсыз алынған қаражат қайтарылды

2019 жылғы 20 Ақпан
- Түркістан облысы
6089 просмотров

Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы қызметкерлерінің жылдам әрекет етуі мен жедел араласуының нәтижесінде полиция қызметкерлері кәсіпкерден заңсыз алған қаражат иесіне қайтарылды.

Кәсіпкер Видадин Мамедов Сарағаш ауданындағы ең ірі бағбандарының бірі. Көптеген жылдар бойы ол шетелден тұқымдар мен көшеттер алып келеді. Өзінің жылыжайлары да бар. Шаруа бүкіл облысты және көрші елдерді көкөністер мен жемістермен қамтамасыз етеді. Ол сондай-ақ маңызды жұмыс беруші болып табылады.

Кәсіпкердің сөзіне қарағанда, Сарыағаш қаласының тұрғыны жеке қаражатын заңсыз алды деп полицияға мәлімдеме жасаған. Кәсіпкерді хабардар етпестен, тергеуші қылмыстық істі дереу қозғап, кәсіпкердің үйін тінту туралы шешім қабылдаған.

Кәсіпкерді арызбен таныстырудың орнына, полиция үйді тінтіп, 50 миллион теңге және 127 800 АҚШ долларын, 10 миллион теңге тұратын  алтын бұйымдарын, сондай-ақ компания құжаттарын тәркілеген.

Әрине, Мамедовтың кәсіпкерлік қызметі тоқтап, шетелдік серіктестермен қарым-қатынасы қиындады, тіпті кейбір жеткізушілер де жеткізілім шарттарының бұзылуын мүмкін деп хабарлаған.

Жергілікті шаруалар бұл жағдайдың оларға да әсер ететініне наразылық білдірді.

Палатаның өкілдері Сарыағаш ауданының прокурорымен, полиция бөлімінің бастығымен, бұл жағдайға араласуларын сұрап, сондай-ақ сотқа дейінгі іс қарауға қатысы жоқ кәсіпкерден алынған құжаттар мен қаражаттарын қайтарылуын сұрады. Себебі, бұл жағдай бірден 100-ден астам кәсіпкердің банкротқа ұшырауына әкелуі мүмкін.

«Бұл Палата мен құқық қорғау органдарының тиімді өзара ынтымақтастығының нәтижесі, оның ішінде бизнестің де, биліктің де пайдасы бар. Нәтижесінде бұл жағдай оң шешімін тапты. Жергілікті атқарушы биліктің біздің мақсатымыз бизнестің қорғалуы мен дамуы екенін түсінетіндігі қуантады», – деп атап өтті Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Жомарт Махмұт.

Палата заңгерлерінің келіссөз жүргізіп, келісілген іс-әрекеттерінің арқасында «Қызыл Ту» шаруашылығына тиесілі қаражатты қайтаруға қол жеткізді.

Қазіргі таңда бұл іс жіті бақылауда.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер