«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнесті қорғау

FAQ

Кәсіпкерлерге Еуропалық ұйымдастыру және даму банкі көзімен қарағанда...

2019 жылғы 22 Ақпан
2521 просмотров

«Атамекен» алаңында шағын және орта бизнесті дамыту комитетінің мұрындық болуымен Қазақстандағы шағын бизнеске Еуропалық ұйымдастыру және даму банкі жобалары аясында кеңес беру жайындағы отырыс болып өтті. Бүгінгі  таңда шағын бизнестің қаражат жетіспеушілігінен, дер кезінде демеу ала алмау себепті тұралап қалатыны жасырын емес.

«Шағын бизнестегі кәсіпкерлер өз шамаларын білуі, қолдарынан не келетінін анық сезуі тиіс. Бұл үшін бізге семинарлар мен тренингтер көмектеседі. «Атамекен» шағын бизнеске көмек көрсетуге келгенде осы мәселені де назарда ұстауы тиіс», - деді комитет басшысы Райымбек Батталов.

 Еуропалық қайта құру және даму банкі «Шағын және орта бизнесті қаржыландыру және дамыту тобы» ассоциаты Татьяна Шпулинг өздерінің тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға шолу жасап өтті.

«Біздің банк 1991 жылдан бері жұмыс істейді. Ал, Қазақстанға 1997 жылы келген. Әуелі «Бұлар кім?» деген сұраққа жауап беріп өтейін. Біз – халықаралық қаржы институтымыз.Әлемнің 30 елінде кеңінен жұмыс істеудеміз. Осы күнге дейін біздің банк Қазақстандық жобаларға 8 млрд еуродан артық қаражат құйған. Жыл сайын 200 мыңнан аса шағын және орта бизнес өкілдеріне жалпы соммасы 1,5 млрд еуро қаражат көлемінде көмек көрсетеміз.

Біз шағын және орта бизнес өкілдеріне жергілікті және халықаралық кеңесшілер көмегін алуға көмектесеміз. Бизнесте жүрген әйел адамдарға арналған арнайы бағдарламамыз да бар. Біз қысқа мерзімді жобаларды (3-6 ай), сондай-ақ, ұзақ мерзімді жобаларды (12-18 ай) қаржыландыруға ат салысамыз.

Бизнеске жаңа технологияларды енгізу секілді дүниелерге түсіністікпен қарап, заман талабына сай жұмыс істегісі келгендерге қолдау көрсетеміз.  Сөзімнің дәлелі болуы үшін мысал келтірейін. Астанада «ЦентрЭлитНС» атты ЖШС бар. Біз олардың бір франшизасына көмектестік. Яғни, «Tschibo» брендін Астанаға әкелудің тиімді немесе тиімсіздігіне анализ жасап, компания өкілдерімен келіссөз жасауға бар ықпалымызды жасадық. Біздің несиелеріміз көбіне шетелге тауар сататын ірі компаниялар үшін пайдалырақ.

Бізден несие алушыға қойылатын талаптар: айналымы 50 млн еуродан аспауы тиіс, кемі 2 жылдық тәжірибесі бар, жергілікті компания, шетелдік үлесі 49% аспауы тиіс, бағыты «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасына сай болуы керек».

Расымен де, бұл жиында Еуропалық қайта құру және даму банкі ЕҰДБ арқылы кәсібімді әрі дөңгелетсем деген жандарға пайдалы ақпараттар айтылды


Еншілес ұйымдар

Серіктестер