«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнесті қорғау

FAQ

Қостанайда «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауы 5 шілдеде өтеді

2019 жылғы 25 Маусым
- Қостанай облысы
4127 просмотров

Бүгінде «Алтын Сапа» және «Қазақстанның үздік тауары» байқауларына қатысуға өтінімді 30 қостанайлық кәсіпорын берді. Құжаттар 1 шілдеге дейін қабылданады.

«Көрме-байқау биыл 5 шілдеде Сити-центрда өтеді. Көрме қонақтары өздеріне ұнаған өнімнің дәмін татып, сатып ала алады. Байқау нәтижелері бойынша 9 жеңімпаз анықталады, олар өңірді республикалық деңгейде таныстыратын болады», – деп түсіндірді Қостанай облысы ӨКП Қаржылай емес бөлімнің бастығы Роберт Юсупов.

Естеріңізге салсақ, Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын Сапа» сыйлығы және «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауы 13 жыл бұрын  ҚР Президентінің Жарлығымен бекітілген. Байқауларды жыл сайын конкурс негізінде өнім сапасы мен қызмет көрсету саласы, өнім қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ сапаны басқарудың жоғары тиімді әдістерін енгізуде  жетістікке жеткен кәсіпорындарға береді.

 «Алтын сапа» сыйлығын иелену байқауы шағын, орта және ірі кәсіпорындарды «Өндірістік мақсаттағы өнім шығаратын үздік кәсіпорын», «Халыққа арналған тауарлды шығаратын үздік кәсіпорын», «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын», «Азық-түлік және/немесе ауыл шаруашылық өнімдерін шығаратын үздік кәсіпорын» аталымдары бойынша марапаттайды.

 «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауы үш аталым бойынша өтеді: «Халыққа арналған үздік тауарлар», «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» және «Үздік азық-түлік тауарлары».

 Көрме өткен соң, сарапшылық топтың шешімімен онлай-дауыс беруге 27 компания іріктеледі. Әр аталым бойынша 3 жеңімпаз анықталады.

Былтыр «НПО «МедиДез» ЖШС қостанайлық компания «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» аталымында республикалық деңгейдің жеңімпазы атанды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер