«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнесті қорғау

FAQ

Қостанай облысында 50 жасар әйел брусчатка өндірісі бойынша шағын зауыт ашты

2019 жылғы 02 Шілде
- Қостанай облысы
5311 просмотров

Мичурино ауылының тұрғыны Гүлсара Мамышева өз мысалында жеке кәсіпті ашуға қашан да кеш емес екенін дәлелдеп отыр

Әйел өзіне түбегейлі жаңа сала – брусчатка өндірісін бастап,  50 жасында кәсіпкер атанды.

Бастапқыда  Гүлсара Мамышева «Бастау» жобасына басқа идея – мал өсіру жоспарымен келген.

 «Бұрын бухгалтер болып жұмыс істедім. Кейін үй шаруасында болдым. Ал жұмысқа қайта шығуға талпынғанда қолайлы келетін іс табылмады. «Бастау» жобасы туралы естіп, бірден оқуға өтінім бердім. Мал өсіруді жоспарлап келдім, алайда бұл секторда бәсеке жоғары, оның үстіне жем-шөп те қымбат. Осы кезде балам мектеп оқып жүріп брусчатка өндірісінде жұмыс істегені есіме түсті. Ауылымыздың айналысының бәрі құрылыс – брусчаткаға сұраныс жақсы. Осы бағытты ойлаған сайын идея ұнай берді», – дейді кәсіпкер.

 Жоба грант комиссиясына да ұнады. Жеке кәсіпті ашуға әйел мемлекеттен 252 500 теңге қайтарымсыз қаражат алып, оны бетон араластыру аппараты мен «краковский клевер» формасын сатып алуға жұмсады.

 «Жеке қаражытымзды қосып, плитка ассортименті көбірек болсын деген оймен басқа да қалыптарды алдық. Брусчатка өндіруде ешқандай қиын нәрсе жоқ. Бастысы қоспалардың пропорциясын нақты ұстану. Ал еңбек ауыр, ол ауыртпалықты жолдасым өз міндетіне алған», – дейді кәсіпкер.

 Шағын зауыттың ашылғанына көп болмады, сондықтан отбасы тәжірибе жинақтауда. Алғашқы тапсырыстар да жок емес – бұл алға ұмтылудың негізі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер