«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Іскерлік байланыстар» жобасы

Құрметті кәсіпкерлер!

Қостанай облысының Кәсіпкерлер Палатасы «Іскерлік байланыстар» құралына қатысу үшін өтінімдерін қабылдауы басталғанын жариялады!

«Іскерлік байланыстар» құралы Бағдарлама шеңберінде өз қызметін экономиканың басым секторларында жүзеге асыратын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне халықаралық және шетелдік ұйымдардың қолдауымен шетелдік әріптестермен іскерлік байланыстар орнату есебінен қолдау көрсетуге бағытталған.

Жоба екі кезеңнен тұрады.

Оқытудың бірінші кезеңі ел ішінде жүзеге асырылады.

Қатысушылар бизнес-тернингті өтеді, оқыту барысында шетелдік және отандық бизнес-жаттықтырушылардың жетекшілігімен өз кәсіпкерлікті дамыту үшін бизнес-жоспарды әзірлеу қажетті дағдылары мен білімдерді алады.

Екінші кезең тегін Жобаның қатысушылары үшін шет елдерде тақырыптық бизнес-тағылымдаманы көздейді және шетелдік әріптестерімен іскерлік қатынастар орнатуды қамтиды.

«Іскерлік байланыстар» жобасына қатысу үшін қойылатын талаптар:

1. Кәсіпорын шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын мәртебесін болуы тиіс (орташа жылдық мөшердің табысы 3 000 000 АЕК және қызметкерлердің саны 250 адамнан артық емес);

2. Кәсіпорының ағымдағы қызметі басым экономикалық секторларының тізіміне сәйкес келуге тиіс;

3. Қатысушылардың лауазымы кем дегенде бастығының орынбасары немесе орташа кәсіпорының басшысы деңгейінде болуы тиіс. Құралында кәсіпорының өкілі 1 адамнан артық емес қатысы алады.

Бүкіл сұрақтары бойынша Қостанай облысының кәсіпкерлер Палатасына, байланыс тұлғасына - А.Х. Есентемір қаржылық емес қолдау бөлімінің сарапшысына мына телефон арқылы 8 (7142) 39-42-08 ішкі нөмері 3914 хабарласуыңызды сұраймыз. 

Серіктестер