«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнесті қорғау

FAQ

Бизнесті қорғау

Бизнесті қорғау

Бизнестің құқықтарын және мүдделерін жан-жақты қорғау Қостанай облысының кәсіпкерлер палатасының басым қызметтің бірі болып табылады. Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін палатаның жағында құқық қорғау, қоғамдық мониторинг және мемлекеттік органдарымен өзара байланыс бөлімдері жұмыс істейді.

2014 жылдың 15 қаңтарында аймақта кәсіпкерлердің құқықтың қорғау кеңесі құрылды. Оның құрамында - облыстық мәслихаттың депутатары, Мемлекеттік органдардың, бизнестің және қоғамдық ұйымдардың өкілдері бар. Кеңесті басқаратын -КОФ РОО «Қазақстан заңгерлер одағының» хатшысы Вера Овсянникова.

Кеңестің жұмыс істеген кезінде аймақтағы кәсіпкерлердің аса өзекті проблемалары шешілді.

2015 жылдың мамыр айында екі бизнесмен-тасымалдаушылар Ақмола және Қарағанды облыстарының жол учаскелеріндегі автоматтандырылған бақылау құралдарының автокөліктің арттық салмағын қате белгіленген үшін 1 млн.теңгеден астам айыппұлдан босатылды.

Қостанайда екі такси фирмасы жүргізушілердің жол ережесін бұзған үшін 1 млн.теңге сома айыппұлдан босатылды. Палатаның сарапшылары айып салудың заңсыз екенін сотта дәлелдеді.

«Алтын Тау НЧ» фирмасы және «Юпитер зерттеу орталығы» ЖШС сот арқылы жауапты мердігер атағын сақтап қалды.

2014 жылы қазан айында қалалық әкімдіктің шешімі сот бойынша заңсыз деп табылды, оған сәйкес участіктар жарнама компанияларына билбордқа бөлуге жоспарланған, ал кәсіпкерлерге автобус аялдамаларын күтіп ұстауды қамтамасыз ету міндетті жүктелген. Кәсіпкерлер жарты жылдан арттық жарнама орналастыратын жер ала-алмай қаржылық шығынға ұшыраған. Бұл мәселенің оң шешімін жасау үшін Кеңеске Қостанай облыстық прокуратурасы тікелей ықпал етті.

Сондай-ақ Ұлттық Палатаның қатысуымен аймақтағы кәсіпкер тасымалдаушылардың көлектеріндегі «арттық» салмағы үшін автоматтандырылған бақылау жүйесі қате бегіленген 324 млн.теңге айыппұлын алып тастауға қол жеткізді.

Антимонополиялық инспекцияны тергеу фактілері бойынша 30 млн. теңгеден астам айыппұлдан АҚ «Север Птица» сот шешімі арқылы босатылды. Палата сарапшылары сот істеріне тікелей қатынасты.

Наримановка базарының қәсіпкерлері көмек көрсетілді,оның бұзылуына жол берілмеді және бизнесмендердің 40 млн.теге сомасында шығынға ұшырауға жол бермеді.

Палатаға өтініш түскеннен кейін, жеке кәсіпкер Ермолаевқа мемлекеттің мұқтажы үшін алынған жердің орнына бизнеске арналған жер телімі берілді.

Әулиекөл ауданың жеке кәсіпкері Тышқанбаевқа несие берешегін қайта қарауға көмек көрсетілді, соның арқасында бизнесмен банкроттан құтқарылды.

Кәсіп орындардың және АҚ «НК «Продкорпорация» арасындағы мемлекеттік ресурстарға астық жеткізу келесімі бойынша ЖШС «ПТК «Содружество» және «Тұрар» ЖШС-ның өлшеусіз көп айыппұл санкциялары мәселесі бойынша арыздары шешілді. Палата сарапшылары құқықтық көмек ұсынды, соның нәтежесінде сот арқылы мәселе оң шешімін тапты.

Палатаның ықпал етуімен Денисов ауданының ЖК «Оразтаеваға» жергілікті атқару органдары кондитерлік цех салу үшін жер учаскесін берді, кәсіпкердің жобасы ауданға маңызды инвестициялық жобалардың тізіміне енгізілді, оны жүзеге асыру үшін жер телімі өтеусіз берілді. Қамысты ауданының төрт жеке кәсіпкерлеріне жауапкерлер тарапына сот шешімін жедел орындау және салынған айыппұлдар төлеу үшін көмек көрсетілді.

Жалпы, 2015 жылдың 6 ай ішінде Палатаға бизнесті қорғау бойынша 85 өтініш келіп түсті. Оның ішінде 29-ы оң шешімін тапты. Жүргізілген талдаулардың нәтежелері кәсіпкерлер салық органдарының шешімдеріне және іс-әрекеттеріне көп шағымданатынын көрсетті (жалпы саның үлестік салмағы 32%), транспортық бақылау органдары (15%). Мемлекеттік сатып алу саласындағы өтініштер 10 %, жер қатынастары, архитектура, құрылыс – 9 % құрайды.

2014 жылдың қаңтар айынан желтоқсан айына дейін Қостанай облыстық кәсіпкерлер сарапшылары кәсіпкерлердің 246 жазбаша өтініш қарады, оның ішінде 121-бизнесті қорғау бойынша:

16 өтініш – жер қатынастары, архитектура, құрылыс және қала құрылысы саласы бойынша;

15 өтініш – кәсіпкерлік субъектілерінің тартыстары бойынша;

15 өтініш – қаржы секторының саласы бойынша;

13 өтініш – салық қатынастар саласы бойынша;

10 өтініш – агроөндіріс кешені саласы бойынша;

10 өтініш – табиғи монополиясы субъектілерімен өзара қатынас саласы бойынша;

26 проблемалық мәселелер оң шешімін тапты, кәсіпкерлерге 461 млн.теңге сомасына залал жойылды.

35 өтініш бойынша қолданыстағы нормативтік құқықтың актілерге өзгерістер және толықтырулар енгізу үшін ұсыныстар жолданды,139-на түсініктер берілді, консультациялар және өзгеде көмектер көрсетілді. 35 өтініш қаралуда.

Палатаның ұсынысы бойынша 12 отырыс өткізілді, облыстық прокуратурасында жұмыстық кездесулер болды, онда жүйелі 5 проблемалық мәселе қаралды, 2-не оң шешім берілді және 2-де жақсы қарқын бар.

Кәсіпкерлер Палатасы бизнестің 10 субъектісің құқығын қорғау бойынша, 24 сот отырысында қатысты. 4 субъект бойынша соттың оң шешімі шығарылды.

Егер сіздің заңдық құқығыңыз бұзылса, сіздің қызметіңізге кесерін тигізетін әкімшілік кедергі кездесеңіз – Кәсіпкерлер Палатасының сарапшылары сіздерге кәсіби қолдау көрсетеді, тиісті заң кеңесін ұсынады.

Еншілес ұйымдар

Серіктестер