«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнесті қорғау

FAQ

Тимур Құлыбаев: «Өңірлік картаның елегінен өткен жобаларды бірінші кезекте қаржыландыру керек»

2017 жылғы 05 Сәуір
- Қостанай облысы
8093 просмотров

Отандық бизнесмендердің ортақ әрі өзекті  мәселесі - қаржы қолжетімділігі бүгінде Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Ұлттық банк тарапынан бірлесіп талқыланып жатқаны да айтылды.

«Бірден айтайын, бұл коммерциялық банктердің мүддесі мен ақша-несие саясатына да қатысы бар, сондықтан жан-жақты әрі мұқият қарастыруды талап ететін мәселе. Бизнес қоғастықпен бірлесе отырып,  отандфық кәсіпкерлерді тиімді қолдау шараларын әзірлейміз. Менің ұсынысым – өңірлік картаның елегінен өткен жобаларды бірінші кезекте қаржыландыру керек. Облыс басшылығымен өңірдің инвестициялық мүмкіндіктерін талқыладық. Қазір күш-жігерімізді қайда бағыттау керектігін түсіну қажет. Ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеу бірінші кезекте. Бұл ретте кәсіпкерлік қоғамдастық тарапынан белсенділік қажет. Жобалардың толыққанды тізімін жасап, «Атамекен»  мен Үкімет арқылы оларды серіктестерімізге, оның ішінде шетелдіктерге ұсына аламыз», - деді Тимур Құлыбаев.

ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы бүгінде министрліктер деңгейінде салық заңнамасында бизнес мүддесін ескеру мәселесі қаралып жатқанын мәлімдеді. Бұл костанайлық кәсіпкерлер үшін де өзекті мәселе. Палатаға келіп түсетін шағымдардың әрбір төртіншісі дәл осы салық салу мәселесіне қатысты. Атап айтқанда, тіркеу мерзімі заңды күшін жойған деп танылған, контрагенттермен жасалған мәмілелерге салынатын қосымша салымдар, ал экспортерлер ҚҚС қайтарылу процедураларының қиындығына шағымдануда.

«Елбасының тапсырмасы бар, сондай-ақ салық процедураларын жеңілдету, осы процедуралардың кәсіпкерлерге кедергі келтірмеуі туралы Үкіметпен келісім бар. Бизнестің алдында тұрған мәселелер жайында біліуіміз үшін өзара байланысты күшейту керек.  Әрине, адал кәсіпкерлер салық төлеулері керек, бұл басты міндетіміз. Бірақ, бизнес проблемаларға тап болып жатса, шұғыл әрекет жасауымыз керек. Қазір ҰКП қосымша құн салығын қайтаруды анықтау кезінде тексерулер санын азайтуды ұсынып отыр. Мемлекеттік кіріс департаменті заңды орындап отырғаны түсінікті. Сондықтан бұл мәселені шешудегі жалғыз жол – заңға орынды өзгертулер енгізу. Онымен біз айналысып жатырмыз», - деді Тимур Құлыбаев.

Жиынға келген кәсіпорын басшылары «Көліктік сервис орталығы» АҚ кірме жолдар қызметі үшін тарифтердің өсуі, монополияға қарсы ведомство тарапынан жиі тексерулер, ветеринарлық зертханаларды сертификаттау мәселелерін көтерді. Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Мұрат Әбенов ауыл шаруашылығы саласының түйткілді мәселелеріне тоқталды. Атап айтсақ, көктемгі дала жұмыстары мен астық жинау жұмыстарына несие алу үшін кепілдіктің өтімсіздігі, саланы субсидиялауға қаржының жеткіліксіз бөлінуі және т.б. мәселелер.

 «Атамекен» ҰКП Агроөнеркәсіп кешені және тамақ өнеркәсібі департаментінің директоры Рүстем Құрманов аталған мәселелердің барлығы бақылауға алынып, қаралып жатқанын жеткізді. Және өңірдің ауыл шаруашылығы өнімдерін шығарушылардың ортақ ұстанымы мен белсенді әрекетінің арқасында осы мәселелерді тиісті министрліктер деңгейіне шығару мүмкін болып отыр. ҰКП елімізде жеңілдіктер негізінде несиелендіру жүргізетін шағын қаржы ұйымдарын ашу бастамасы да өңір кәсіпкерлігінің көңілінен шығуда. Сегіз айдың ішінде «Атамекен  Қостанай» шағын қаржыландыру ұйымы 344 млн теңге сомасына 93 несие берген. Осының арқасында мал шаруашылығы, қоғамдық тамақтандыру, қызмет көрсету, жолаушы және көлік тасымалдау жөнінде жаңа жобалар ашылды.

«Қазір Үкімет қосымша 11 млрд теңге бөлгелі отыр. Біз ол қаржыны осындай ұйымдар құрылған өңірлерге бөлеміз. Егер Қостанай өңірі қаржыны игеруге дайын болса, біз ресурстарды көбейтеміз», - деді ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов.

Тимур Құлыбаев Қостанай облысына іссапары барысында өткен жылдың соңында Өңірлік кәсіпкерлер палатасы жанынан ашылған Кәсіпкерлерге қызметке көрсету орталығының, сонымен қатар еліміздегі ірі кондитерлік кәсіпорындардың бірі саналатын «Баян Сұлу» АҚ жұмысымен танысты. Бұл кәсіпорында жылына 65,6 мың тонна өнім шығарылады. Кәсіпорын басшысы Тимур Садықовтың айтуынша, жыл сайын компания өндіріс технологияларын жетілдіріп, жаңа өнім түрлерін шығаруда. 2016 жылы  «Баян Сұлу» АҚ инвестициялық жоба – бисквиттік цех іске қосылған болатын. Цех өнімі тұтынушылар тарапынан жоғары бағаланып, сұранысты арттыруда.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер