astana-view

Департаменттер

Жаппай кәсіпкерлік департаменті

Шандрыга Анастасия Александровна

Директор

Жаппай кәсіпкерлік департаменті «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Департамент жұмысының негізгі бағыттары:

- «Бизнестің жол картасы – 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) төртінші бағыты шеңберінде қаржылай емес қолдау қызметтерін көрсету:

1) Кәсіпкерлік қызметті жүргізуде сервистік қызмет көрсету;

2) Кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықты ақпараттық- талдамалық ақпаратпен қамтамасыз ету;

- «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты «Бастау Бизнес» жобасы шеңберінде кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тарту арқылы халықтың экономикалық белсенділігін арттыру.

- жастар арасында жаппай кәсіпкерлік жобаларын дамыту, ауылдық жерлерде бизнес-ортаны қалыптастыру, сондай-ақ бизнес-жобаларды сүйемелдеу.

Еншілес ұйымдар

Серіктестер