«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнесті қорғау

FAQ

Қызылордалық колледждерде өтіп жатқан «Кәсіпкерлік негіздері» курсына бизнес өкілдері белсенді қатысуда

2019 жылғы 21 Қазан
- Қызылорда облысы
3255 просмотров

Өздеріңізге белгілі, «Атамекен» ҰКП мен Білім және ғылым министрлігі осы жылдың қыркүйек-желтоқсан айлары аралығында 50 мыңға жуық студентті кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды жоспарлап отыр.      Ол үшін Кәсіпкерлер палатасы тамыз айында арнайы мамандар үшін оқыту курстарын өткізіп, біліктілігін жетілдірді. Бүгінде аймақтың колледждерінде өтіп жатқан «Кәсіпкерлік негіздері» курсында жергілікті табысты кәсіпкерлер белсенді қатысып, тәжірибелерімен бөлісіп жатыр.

Мәселен, Жаңақорған ауданындағы Аграрлы-техникалық колледжіндегі студенттерге өтіп жатқан курсқа аудандағы ет өнімін таратумен танымал «Бақытжан» шаруа қожалығының негізін қалаушы Ғалымжан Мампаев арнайы келіп, кәсіпкерлік саласының қыр-сырымен бөлісті.

Шиелі ауданындағы Индустриалды-аграрлық колледжінің оқушыларына аудандағы 20 шаруашылықтың басын біріктіріп, «Ы. Жақаев-Агро» ауылшаруашылығы өндірістік кооперативін құрған Ерлан Құлшықбаев салаға қатысты мемлекеттік бағдарламалар, олардың тиімділігі жөнінде айтып берді.

Қызылорда қаласындағы Смағұл Ысқақов атындағы құрылыс және бизнес колледжінің білім алушылары үшін жас кәсіпкер Толғанай Жұмабекқызының өткізген сабағы үлкен қызығушылық тудырды. Толғанай жоғары оқу орнын тәмамдағаннан кейін еңбек жолын жеке мекемеден бастап, осы жылдан өзінің кәсібін қолға алады. Бүгінде мал бордақылау ісі мен жылыжайды қолға алған ол алдағы уақытта кірпіш зауытын салуды да жоспарлап отыр екен.колледжде өткен кездесуде студенттер жас кәсіпкердің жобаларына қызығушылық танытып, белсенді пікір алмасты.

Айта кету керек, «Кәсіпкерлік негіздері» пәні Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының бастамасымен 2014 жылы пилоттық негізде Қызылорда қаласындағы № 9 мектеп-гимназиясында енгізілген болатын. Жобаның тиімділігі ескеріле келе «Атамекен» мен Білім және ғылым министрлігінің бірлескен жобасы ретінде республиканың барлық мектептері мен оқу орындарында енгізу жөнінде шешім қабылданды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер