«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнесті қорғау

FAQ

Түркістандық Палата кәсіпкерлердің 100 млн теңгеден аса мүліктік құқығын қорғап шықты

2020 жылғы 03 Шілде
- Түркістан облысы
4103 просмотров

Түркістан облысы кәсіпкерлер палтасы заңгерлері Ордабасы ауданы кәсіпкерлерінің 100 млн.теңгеден асатын қаражатқа мүліктік құқықтарын қорғады

Мәселе Ордабасы адуаны әкімдігінің өткен жылы, яғни 2019 жылдың 6 қарашасында Темірлан ауылы Қажы Мұқан көшесі бойында орналасқан бірнеше бизнес нысандары бар жер учаскілерін тартып алу туралы бастама көтеруінен басталған.

Сұрақты өз бетінше шешуге тырысқан кәсіпкерлердің әрекетінен ештеңе шықпаған, олар әкімдіктің жерді мемлекет мұқтажына алудағы ұсынған бағалары шығындарын өтмейтіндігін айтып наразылық білдірген.

Осылайша бір топ кәсіпкерлер Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасына жүгінді.

Құжаттарды зерделей келе Жергілікті атқарушы билік ауданды көріктендіру мақсатында мұндай шешім қабылдағаны анықталды, алайда қолданыстағы заңнамада мұндай мақсатта жерді тартып алу қарастырылмаған.

Бұл мәселе Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің көшпелі отырысында да қаралған болатын.

Алайда, Палатамен ұсынылған барлық дәлелдерге қарамастан жергілікті атқарушы орган кәсіпкерлерді сотқа берген.

Сот процесі өткізіліп жатқан кезеңде кенеттен Ордабасы ауданына жаңа әкім тағайындалады. Осы орайда, Палата мамандары жаңа әкімге Темірландағы бизнес нысандарын тәркілеу мәселесін кәсіпкерлердің пайдасына шешудің мүмкіндігін қарастыруды сұрап хат жолдады.

Нәтижесінде Палатаның ұсыныстары әкімдік тарапынан қолдау тауып, кәсіпкерлер өз мүліктерімен және жұмыс істеп тұрған бизнестері өз меншіктерінде қалды. (Әр нысан 15 миллионнан 50 миллионға дейін бағада).

Сондай-ақ бұл шаралар бюджет шығыстарын едәуір азайтуға мүмкіндік туғызып, облыс экономикасына қосымша серпін берді.

Бұл шындап келгенде түпкі сатып алушыларға ауыртпалық туғызар еді. Себебі кәсіпкерлер өз бизнестерін «нөлден» бастайтын болса, шығындарын өтеу мақсатында тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің құны көтерілуі мүмкін еді.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер