«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнесті қорғау

FAQ

7 шілдеде Өңірлік кәсіпкерлер палаталары жанындағы Өңірлік кеңестерге мүшелерді сайлау басталады

2020 жылғы 03 Шілде
4949 просмотров

Өңірлік кеңестерге кандидаттардан өтініш қабылдау 7 шілдеде басталады. Құжаттарды офлайн нысанда кәсіпкерлер палаталарына, немесе онлайн нысанда https://vote.atameken.kz/ сайты арқылы жіберуге болады.

Кандидаттар өңірде тіркелген кәсіпкерлер, сондай-ақ өзін-өзі реттейтін ұйымдар мен  ӨКП-да аккредиттеуден өткен қауымдастықтардың бірінші жетекшілері немесе қауымдастықтың орындаушы органының мүшелері арасынан сайланады.

Өңірлік кеңес мүшелігіне үміткер келесі талаптарға сәйкес келуі тиіс:

• Қазақстан Республикасының азаматы болу;

• өңірдің әлеуметтік-қоғамдық өміріне белсенді қатысушы болу;

• кәсіпкерлер арасында пікір көшбасшыларының бірі болу;

• өңірде жария тұлға болу;

• кәсіпкерлер арасында және қоғамда оң беделге ие болу;

• бизнесінің тарихы оң болуы;

• әлеуметтік жауапты кәсіпкер болу;

• облыстық, қалалық мәслихаттардың депутаты болуы құпталады;

• Заңмен белгіленген тәртіпте өтелмеген немесе алынбаған соттылығының болмауы.

7-15 шілде аралағында кандидаттарды таныстыру, ары қарай 16-19 шілде аралығында үгіт-насихат жұмыстары басталады, ал дауыс беру онлайн режимде 20-22 шілде аралығында өтеді. 

Облыстық кеңестің 60%-ы облыс орталығындағы кәсіпкерлік субъектілерінен және Өңірлік палатада аккредиттеуден өткен қауымдастық(одақ), өзін-өзі реттеуші ұйымдардан, ал 40%-ы аудандардағы кәсіпкерлік субъектілерінен құралады.

Толық ақпарат https://vote.atameken.kz/ сайтында жарияланған, сондай-ақ сайлау жайында ақпаратты 1432 колл-орталығынан алуға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер