«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнесті қорғау

FAQ

Эльдар ЖҰМАҒАЗИЕВ: Жаңа адамдармен бірге тың ойлар, жаңаша көзқарас пен энергия келеді

2020 жылғы 03 Шілде
5842 просмотров

7 шілдеде «Атамекен» ҰКП Өңірлік кеңестеріне сайлау науқаны басталады

ҰКП Басқарма мүшесі – Басқарма Төрағасының Бірінші орынбасары Эльдар ЖҰМАҒАЗИЕВ кәсіпкерлерге үндей жасады: «Атамекеннің» қалыптасуы кезеңінде жекелеген бизнесменнің қоғамдық салмағын және бизнесінің салалық өкілдігін ескере отырып, Өңірлік кеңестердің құрылымын жасақтау орынды шара болды. Қазіргі кезде барлық өңірлік кеңестер өзін-өзі таратқаны атап өткім келеді! Кеңестердің атқарған жұмысына алғысымыз шексіз, олар жүздеген кәсіпкердің құқықтарын қорғап, қаржылық қаражат пен мүлігін қайтаруда аянбай еңбек етті».

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңестерге мүшелікке кандидаттарды сайлауды алғаш рет 2019 жылы Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы жанынан өткізді. Сайлауға Алматы қаласы бизнесінің 29 559 субъектісі қатысты. Аталған сайлаудың нәтижесі кәсіпкерлік субъектілері өңірдегі бизнес ахуалына ерекше назарын, мәселелерді шешуде белсенділігін көрсетті.

Өткен сайлау науқаны Алматы қаласы Өңірлік кеңесі жұмысына оң әсер еткенін атап өткен жөн. Алматы қаласы Өңірлік кеңесінің мүшелері ҚҚС бойынша шектік мәнді төмендету, шағын бизнесті салықтардан босату және салықтық міндеттеме бойынша талап арыз мерзімін төмендетуге қатысты мәселелерді көтеріп, нақты нәтижелерге қол жеткізді.

Қазіргі кезде өңірлік кеңеске мүшелікке сайлау қалған өңірлерде өткізілмек. Өңірлік кеңеске кандидаттардан өтінім қабылдау 7 шілдеден басталады. Кандидаттарды ұсыну кезеңі 7-15 шілде аралығында жүргізіледі, кейін үгіт-насихат науқаны жоспарланған, ал сайлаудың өзі онлайн режимінде 20-22 шілде аралығында vote.atameken.kz сайтында өтеді.

Құжаттарды офлайн Кәсіпкерлер палаталары мекенжайлары арқылы немесе онлайн режимінде vote.atameken.kz сайтына жолдауға болады. Толық ақпаратты 1432 колл-орталығы арқылы білуге болады.

Өңірлік кеңестерге мүшелікке үміткер өз өңірінің әлеуметтік-экономикалық өміріне белсенді қатысушы, кәсіпкерлер арасында пікір көшбасшысы болуы керек. Кандидаттар өңірде тіркелген кәсіпкерлер, сондай-ақ өзін-өзі реттейтін ұйымдар мен ӨКП-да аккредиттеуден өткен қауымдастықтардың бірінші жетекшілері немесе қауымдастықтың орындаушы органының мүшелері арасынан сайланады.

«Сайлау Өңірлік кеңестер жұмысына оң әсер етеді деген үміттеміз: жаңа адамдармен бірге тың ойлар, жаңаша көзқарас пен энергия келеді, осындай әлеует тәжірибелі қатысушылардың жұмысын жандандыра түседі. Сондықтан егер белсенді азаматтық позицияңыз болса, облыс, қалаңыздағы бизнес жүргізуі жақсарту бойынша тың идеяларыңыз бен осы маңызды мақсаттарға жетуге ұмтылысыңыз болса, онда Өңірлік кеңес мүшелігіне өз кандидатураңызды тіркеңіз», – деп атап өтті Эльдар Жұмағазиев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер