«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнесті қорғау

FAQ

Ұлттық палата санитарлық нормалардың бұзылғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке негізсіз тарту фактілері туралы хабарлауды сұрайды

2020 жылғы 07 Шілде
3790 просмотров

«Атамекен» кәсіпкерлерді санитарлық нормаларды бұзғаны үшін негізсіз әкімшілік жауапкершілікке тарту фактілері туралы хабардар етуді сұрайды. Бұл туралы өзінің facebook парақшасында ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Ербол Өстеміров хабарлады.

 «Кеше Денсаулық сақтау министрлігі және Ұлттық экономика министрлігі халықтықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында тексеру парағын бекіту туарлы бірлескен бұйрықұа қол қойды.

 Егер осыған дейін кәсіпкерлер төтенше жағдай кезеңінде  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабы бойынша (төтенше жағдайды бұзу), ал төтенше жағдай аяқталған соң – 462-бабы бойынша (мемлекеттік инспекциялар мен мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына өздерінің қызметтік міндеттерін орындауына кедергі келтіру, қаулыларды, нұсқамаларды және өзге де талаптарды орындамау) жауапқа тартылған болса, ЕНДІ ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ КОДЕКСІНІҢ 425-БАБЫ БОЙЫНША (халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) жауапқа тартылады», – деп жазды Ербол Өстеміров.  

 Қолдағы статистикаға сәйкес Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабы бойынша төтенше жағдай режимін енгізуден бастап әкімшілік жауапкершілікке 160 заңды тұлға мен жеке кәсіпкерлік, 462-бап бойынша 236 заңды тұлға мен жеке кәсіпкерлік тартылған.

 «АЛ 425-БАП БОЙЫНША АЙЫПҰЛ МӨЛШЕРЛЕРІ ӨТЕ ЖОҒАРЫ (жеке тұлғаларға салынатын айыппұл мөлшері 30 АЕК (83 340 теңге); шағын кәсіпкерлік субъектілеріне салынатын айыппұл мөлшері – 230 АЕК (638 940 теңге); орта кәсіпкерлікке – 310 АЕК (861 180 теңге); ірі кәсіпкерлікке – 1 600 АЕК (4 444 800 теңге). ЕСКЕРТУ ҚАРАСТЫРЫЛМАҒАН.

 СОНДЫҚТАН БІР АЙЫППҰЛДЫҢ ӨЗІ БИЗНЕС СУБЪЕКТІСІНІҢ АРЫ ҚАРАЙ ЖҰМЫС ІСТЕУІНЕ ҮЛКЕН НҮКТЕ ҚОЮЫ МҮМКІН.

 Кәсіпкер және жұмыскер, кәсіпкер және клиент арасындағы жауапкершілікті ажырату мәселесі маңызды болып отыр.

 КӘСІПКЕРДІҢ ЖҰМЫСКЕРІ НЕМЕСЕ КЕЛУШІ КІНӘЛІ БОЛҒАН ЖАҒДАЙДА КӘСІПКЕРДІ ЖАУАПҚА ТАРТУҒА БОЛМАЙДЫ деп санаймыз.

 Бұл мәселені Денсаулық сақтау министрлігімен талқыладық, ведомство бізді толықтай қолдады. Бірақ санитарлық-эпидемиологиялық қызмет өкілдерінің  нысанды тексеруде орынсыз әрекеттеріне көз жұма қарауға болмайды.

 Сондықтан егер кәсіпкерді (немесе жұмыскері) әкімшілік жауапкершілікке негізсіз тартты деп санасаңыз онда «АТАМЕКЕН» ҰКП және БАРЛЫҚ ӨҢІРЛІК ПАЛАТАЛАР МӘСЕЛЕНІ ШЕШУГЕ АТСАЛЫСУҒА ДАЙЫН.

 Барлық орын алған мәселелер бойынша төменде көрсетілген нөмірлерге хабарласуды сұраймын», – деп атап өтті Ербол Өстеміров.  

  1. Өстеміров Ербол Лесбекұлы, «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары, 8 701 520 54 56
  2. Темір Шыңғыс Саматұлы,  Кәсіпкерлер құқығын қорғау департаментінің директоры-басқарушы директор, 8 701 660 49 91

ӨҢІРЛІК КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАЛАРЫ

ӨКП директорларының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасарлары:

Нұр-Сұлтан қаласы

Мұқаш Куанышбек Жақсыбекұлы

8 700 689 16 13

 

 Алматы қаласы

Қошмамбетов Айтуар Асқарұлы

8 701 888 29 86

 

Шымкент қаласы

Акенов Қайрат Алшерұлы

8 705 855 88 74

8 701 889 62 54

 

Ақмола облысы

Сыздықов Расұл Ермекұлы

8 701 798 74 47

 

Ақтөбе облысы

Күйшінов Руслан Болатұлы

8 701 784 85 82

 

Алматы облысы

Қабдиев Қанат Тасболатұлы

8 777 246 66 42

8 771 554 88 83

 

Атырау облысы

 

Жолдыбаев Сәрсенбай Хамидоллаұлы

8 701 341 28 46

ШҚО

Мұқашева Әлия Орумбекқызы

8 705 521 66 62

БҚО

Мақсотов Нұржан Ерболатұлы

8 775 701 84 47

Жамбыл облысы

Ким Ирина Алексеевна

8 700 454 34 14

 

Қарағанды облысы

 

Асқаров Алхайдар Трайкенұлы

 8 701 511 95 70

 

Қостанай облысы

Сәдуақасов Самат Сейілбекұлы

8 777 017 20 40

8 701 320 83 84

Қызылорда облысы

 

Құлмахан Салауат Аязбайұлы

8 702 233 40 04

Маңғыстау облысы

Қалиев Болат Кемелбекұлы

8 701 777 39 44

 

Түркістан облысы

Махмұт Жомарт Мақсұтұлы

8 701 908 10 32

 

Павлодар облысы

 

Әубәкіров Серік Мақсұтұлы

8 771 173 43 42

СҚО

Қазиев Жеңіс Абайұлы

8 705 653 38 48

 

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер