«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнесті қорғау

FAQ

ЕАЭО Іскерлік кеңесі сүт өнімдерін сәйкестендіру құралдарымен таңбалауға қарсылығын білдірді

2020 жылғы 08 Шілде
4015 просмотров

Мәселе 10 шілде күні ЕЭК Кеңесінің отырысында қарастырылады деп жоспарланған

ЕАЭО Іскерлік кеңесі Еуразиялық экономикалық комиссияны ЕАЭО шеңберінде сүт өнімдерін таңдабалауды енгізу орынсыз шешім екенін тануды сұрады.

Осыған дейін «Атамекен» ҰКП таңбалаудың осы мәселесі бойынша ЕАЭО Іскерлік кеңесіне ЕЭК-ке жүгінуді сұраған болатын. Тиісті өтінімге 7 шілдеде қол қойылып, ЕЭК Алқасының төрағасы Михаил Мясников атына жолданды.

 ЕАЭО-ға мүше-мемлекеттердің сүт өнімдерін өндірушілер мен өңдеушілері, атап айтқанда Беларусь агроөнеркәсіптік одағы, Қазақстан сүт одағы, Ресей сүт өндірушілерінің ұлттық одағы (Союзмолоко) және Қырғызстанның сүт және сүт өнімдерін өндірушілері таңбалауға қатысты мәселеге алаңдаулы әрі бұл шараны орынсыз деп санайды.

Мұны ЕЭК, үкіметтер, сондай-ақ ЕАЭО мүше-мемлекеттер кәсіпкерлерінің ұлттық одақтарына жіберген көптеген өтініштері растайды.

«Бірінші кезекте мұндай алаңдаушылық сүт өнімі тез бұзылатын әрі контрафакті бола алмайтын өнім түрі екенімен түсіндіріледі. Оның қауіпсіздігі мен бақылануын қамтамасыз ету үшін бүгінде ветеринарлық сертификат және электронды шот-фактуралар сынды құралдар тиімді қолдануда. Сүт өнімдері әлеуметтік маңызды сұранысқа ие тауарлар екендігін ескере отырып, қазіргі дағдарыс жағдайында таңбалау шығындарымен байланысты тауарлардың осы санатына бағаны көтеруге болмайды», - делінген хатта.

 Қазақстан сүт одағының алдын ала есептеулері бойынша сүт өнімін таңбалауды енгізуге, таңбалау кодтары мен жабдыққа кететін шығынды қоса есептегенде жыл сайынғы шығындар 4,3 млрд теңгені құрайды (таңбалау кодының құны 3 теңге деп есептегенде).

 Союзмолоко ақпараты бойынша сүт өнімдеріне міндетті таңбалау енгізу ресейлік сүт өндірушілерден кем дегенде 26 миллиард рубль мөлшеріндегі біржолғы шығындар талап етіледі, жылдық операциялық шығындар шамамен 35 миллиард рубльді құрайды.

 Алдын-ала бағалау бойынша беларустық кодтарды қолдану үшін Беларусь сүт өңдеу кәсіпорындарының өндірістік желілерін техникалық қайта жарақтандыруға арналған шығыстар, 41,4 миллион беларусь рублін құрайды.

 Бұдан бөлек, таңбалау кодтарын сатып алу және тауарға жапсыруға кететін жыл сайынғы шығындар 63 млн-нан 102,4 млн беларусь рубліне дейін барады. Беларусь бизнесінің бағалуы бойынша сүт өнімдеріне бағалардың өсуі таңбалау енгізілсе 9 пайызға дейін артады.

 ЕАЭО Іскерлік кеңесі ЕЭК-тен ЕАЭО елдерінің іскер топтарының қатысуымен барлық елдер үшін бірдей жеңілдіктер принципін ескере отырып, ЕАЭО-ға мүше кейбір мемлекеттердің таңбалауды енгізу тәсілдерін қайта қарауды сұрады. Атап айтқанда, ЕАЭО-да сәйкестендіру арқылы тауарларды таңбалау туралы келісімнен жекелеген елдердің таңбалауды біржақты енгізу мүмкіндігі туралы ережені алып тастау және ЕАЭО шеңберінде өзара саудада жекелеген тауарларды таңбалау әсерін талдау және бағалауды жүргізу бойынша өкілеттілікті ЕЭК-ке беру ұсынылады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер