«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнесті қорғау

FAQ

Павлодар облысының Кәсіпкерлер Палатасын Олег Крук басқарды

2020 жылғы 12 Тамыз
- Павлодар облысы
9311 просмотров

«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқасының шешімімен Олег Павлович Крук Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры болып тағайындалды.
Олег Крук 1967 жылы туған. Павлодар индустриалды институтын өндірістік жылуэнергетика мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолын 1992 жылы қазандық цехында шебер болып, содан кейін Павлодар ЖЭО-3-те қазандық цехында инженер-технолог болып бастаған.
1995 жылы «Ремэнерго» фирмасының бас инженері болып тағайындалды. Сол жылы ол Павлодар ЖЭО-3 жөндеу жөніндегі бас инженердің орынбасары болды.
1997 жылдан 1998 жылға дейін - «Компания CCL-Energo» ЖШС материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы.
1999 жылы «Солтүстік Қазақстан компаниясы» ЖШС Павлодар филиалының материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы болды.
1999-2000 жж. «Казснабцентр» ЖШС қамтамасыз ету жөніндегі менеджер.
2000-2001 жж. «Казпромресурс» ЖШС-нің қамтамасыз ету жөніндегі менеджері
2001-2002 жж. «Теплоцентр-Северный» ЖШС бас инженері
2002-2006 жж. «Павлодарэнерго» ААҚ жылу желілерінің директоры
2006-2007 жж. «Павлодар жылу желілері» АҚ Бас дирекциясының президенті
2007-2008 жж. Павлодар облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментінің директоры
2008-2012 жж. Павлодар қаласы әкімінің орынбасары
2013 ж. - «HAGI-Павлодар» ЖШС-нің күрделі құрылыс жөніндегі директордың орынбасары
2013-2018 жж. «Казэнергокабель» АҚ бас директоры
2018-2019 ж.ж. «Казэнергокабель» АҚ атқарушы директоры
2019 - «PVL BREWERY» ЖШС директоры
Облыстық мәслихаттың депутаты. 2014 жылы «Ерен еңбегі үшін», 2017 жылы «Белсенді еңбегі үшін» медальдарымен марапатталған.
 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер