«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнесті қорғау

FAQ

Қарағанды облысының рестораторлары карантиндік шараларды жұмсартуды сұрайды

2021 жылғы 09 Сәуір
- Қарағанды облысы
6550 просмотров

Қарағанды облысының рестораторлары облыстың бас санитар дәрігері Юрий Залыгин және облыстың кәсіпкерлік басқарма жетекшісі Татьяна Аблаевамен бизнестің түйткілді мәселелері және карантиндік шараларды жұмсарту мүмкіндігін онлайн конференция форматында талқылады. Кездесу Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасы алаңында өтті.

Кездесуде Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ернар Күлпейісов қоғамдық тамақтау саласындағы қиын жағдай мен рестораторлар тарапынан көптеп өтінім түсіп жатқанын хабарлады. Кәсіпкерлердің барлығы карантиндік шараларды жұмсартып, қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік беруді сұрап отыр.

Бас санитар дәрігер Юрий Залыгин қоғамдық тамақтану саласына карантиндік шектеулер кезеңінде тығырықтан шығуға «Ашық» бағдарламасы көмектесетінін айтты. Платформа көмегімен шектеулерге қарамастан барлар мен мейрамханалардың жұмыс кестесі түнгі сағат 12-ге дейін ұзартылды.

Қазақстанда барлар мен мейрамханаларға келушілердің вирустан амандығын QR-код арқылы тексеру жоспарланған. Қандай да бір тамақтану нысанына барғысы келетін адам «Ашық» қосымшасында тіркелуі қажет. Кафеге кірерде жүйе келген қонақтың QR-кодын сканерлеп алады да экранға түстердің бірі шығады.

Мәселен, жасыл түс жанса – адам вирустан таза, оған нысанға кіруге рұқсат. Қосымшадағы «жасыл» статус адам деректер базасында ПТР тестіден өтіп, тестілеу нәтижесі COVID-19-ға теріс болғанын білдіреді. Егер «қызыл» түс жанса, адам коронавирусқа шалдығып, індеттің белсенді кезеңінде екенін, базада оң ПТР-мен тіркелгенін білдіреді. Нысанның әкімшілері басқа адамдардың қауіпсіздігін сақтау үшін мұндай келушіден нысаннан шығып кетуді сыпайы түрде сұрауы керек. «Көк» статус –  адамның  ПТР нәтижесі жоқ,   базада байланыста болған адам ретінде тұрмағанын білдіреді. «Сары» түс келуші індетке шалдыққан адаммен байланыста болғанын білдіреді.

 Қарағандыда «Ashyq» пилоттық жобасына бизнестің 52 нысаны тіркелген. ӨКП кәсіпкерлердің құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің бастығы Азамат Даненбаев қатысушылар қатарында боулинг клубтар, фитнес-орталықтар, компьютер клубтары, бассейндер, сауналар мен СПА-салондар барын айтты.

 Жобаға қатысуға Қарағандыдағы басқа қоғамдық тамақтану орындары ынта танытуда. Кәсіпкерлер қосымшаға үлкен үміт артады. «Ашық» жобасы кәсіпкерлер үшін – тығырықтан шығудың таптырмас мүмкіндігі.

 «Бұл шаралар ҚР Бас санитар дәрігерінің қаулысына байланысты. Осы нысандардың жобаға қатысу мүмкіндігін қаулыда жазылса, онда кәсіпкерлер пилотқа қосыла алады. Мұндай мүмкіндік жуық арада жасалады деп үміттенеміз. Жоба ауқымын кеңейтуде де сол мәселе. Қарағанды облысының басқа қалаларынан пилоттық жобаға қатысуға қатысты өтінімдер түсіп жатыр. Қаулыға шықса, мәселені жергілікті атқарушы органмен тиянақтаймыз», – деді  Азамат Даненбаев. 

Еске салайық, пилоттық жобада техникалық ақаулар туралы @support_ashyq_bot телеграмдағы қызметке хабарлауға болады. Жобаға қатысу ерікті формада жүргізіледі.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер