«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнесті қорғау

FAQ

Қарағанды облысы кәсіпкерлер палатасының делегациясы жұмыс сапармен Өзбекстанға барды

2021 жылғы 26 Қараша
- Қарағанды облысы
4615 просмотров

Жұмыс сапарында көтерілген басты мәселелер: еңбек көші-қоны, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және құрылыс материалдары мен электр тауарларын өндіру. Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасы делегациясының құрамына 13 адам кірді.

Олардың қатарында Қарағанды облысы Өңірлік кеңесі құрылыс комитетінің төрағасы, Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты Төлеген Әшімов, Құрылыс комитетінің мүшесі, Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты Сергей Ким, сондай-ақ облыстың ірі кәсіпорындары мен фирмаларының директорлары мен иелері бар.

 Көршілес елмен іскерлік қарым-қатынасты одан әрі нығайту үшін Өзбекстандағы инвестициялық ахуалды зерделеуге көп көңіл бөлінді.

 «Көптеген мәселе осы жазда көтерілген болатын. Сол уақытта Қарағанды облысына Өзбекстан Республикасының жұмыспен қамту және еңбек қатынастары министрінің бірінші орынбасары Эркин Мұхитдинов бастаған делегация келді. Сапар барысында ӨКП алаңында өңірдің бизнес өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды, онда бірқатар өзекті мәселе талқыланды. Бұған қоса қарағандылық кәсіпкерлердің іскерлік сапары туралы уағдаластық жасалды. Қазіргі кезде Өзбекстан Республикасымен жеңіл және тамақ өнеркәсібі, сауда салаларында іскерлік байланыс орнатылған», – деп атап өтті Қарағанды облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Ернар Күлпейісов.

   


Еншілес ұйымдар

Серіктестер