«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнесті қорғау

FAQ

«Атамекен» ҰКП басқармасының мәлімдемесі

2022 жылғы 17 Қаңтар
9788 просмотров

Бүгін Тимур Асқарұлы Құлыбаевтың «Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасы қызметіндегі өкілеттігі өз еркімен тоқтатылды.

Тимур Асқарұлының жеке шешіміне құрметпен қараймыз және бірнеше жыл бірге атқарған жұмыс үшін алғыс білдіреміз. Тимур Құлыбаев Ұлттық кәсіпкерлер палатасы құрылған кезден бастап бірге болды және палатаның бизнес пен биліктің сындарлы диалог алаңы ретінде қалыптасуына үлкен үлес қосты.

«Атамекен»  ҰКП басқармасы Ұлттық палатаның заң нормаларына сәйкес құрылған барлық жұмыс істеп тұрған басқару органдары (төралқа мен басқарма, өңірлік кеңестер мен өңірлік палаталар) штаттық режимде жұмыс істейтінін атап өтеді.

Тимур Асқарұлы үндеуінде көп жұмыс жасалғанын, бірақ алда жаңа міндеттер тұрғанын атап өтті.

Қазір Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, тәртіпсіздіктерден зардап шеккен бизнеске келтірілген залалды өтеу бойынша жұмысты бастады. Пандемия тағы күшейіп келеді, оның салдарымен күрес басты назарда болады. Біз үшін отандық бизнес локдаун және қатаң карантинсіз жұмыс істеуін жалғастыруы маңызды. Мемлекет басшысының 2022 жылғы 11 қаңтарда белгілеген тапсырмаларын орындау үшін үлкен жұмыс атқару керек.

Төралқа төрағасын Съезд сайлайтынын ескере отырып, Төралқаның кезекті отырысында оның мүшелері төраға міндетін уақытша атқарушының кандидатурасын айқындайды.

Біз «Атамекен» ҰКП сайлау жүйесін нығайту жұмысын жалғастырамыз. 2020 жылы өңірлік кеңестерде сайлау өткізілді. Жақын арада ҰКП басқармасы бизнес-қоғамдастықтың талқылауына бұрыннан келе жатқан мәселе – Төралқа жанындағы салалық комитеттерінің мүшелерін тиісті салалардың кәсіпкерлері етіп сайлау тәртібін шығарады.

Нәтижесінде 2022 жылдың күзінде кезекті съезге қарай Съезд және Төралқаның жаңа делегаттар құрамы жаңарады. Басқарудың жоғарғы органы ретінде Съезд өз уәкілеттігі аясында Төралқа төрағасы мен құрамы, сондай-ақ басқарма құрамына қатысты шешімін шығарады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер