«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнесті қорғау

FAQ

«ҚҚС қайтару бойынша тұрақты лотерея». Үкімет мемлекеттің кәсіпкерлер алдындағы уәдесін орындамайды

2022 жылғы 01 Желтоқсан
7159 просмотров

Президент экспортталатын тауарларды көбейтуді тапсырды. Нәтижесінде шаруалар экспорт көлемін ұлғайтты, оның орнына мемлекет кәсіпкерлерге қосылған құн салығын қайтаруға уәде берді. Алайда, экспорттаушыларға ҚҚС-ты қайтару туралы уәдені мемлекеттік органдар орындамады.

Биыл Қаржы министрлігі Ұлттық палата және бизнеспен алдын ала талқыламай, келіспей өнім экспорты кезінде ҚҚС қайтару мүмкіндігін түбегейлі шектеген жаңа ережелерді бекітті. Кәсіпкерлер үшін тосынсый болды.

«Баян-Сұлу» АҚ басқарма төрағасы Тимур Садықовтың айтуынша, отандық тауар өндірушілер түсініксіз жағдайда қалды, ал ҚҚС қайтару проблемалары бизнес үшін ауыр. Оның үстіне бұл мәселе қайталана береді.

«Бюрократиялық кідірістерге байланысты біз қайтарылатын қосымша құн салығын уақытында ала алмаймыз. Тиісінше, біз экспортқа сатқан кезде, екі ойлы боламыз. Заңды ҚҚС бізге қайтарылатынын немесе қайтарылмайтынын білмейміз. Шын мәнінде, отандық тауар өндірушілер ҚҚС алмаған кезде, ол айналым қаражатын жоғалтады және тауарды шамамен 12% шығынмен сатады. Бұл ҚҚС қайтару бойынша тұрақты лотерея», – деді Тимур Садықов.

«Атамекен» ҰКП сарапшылары ережелер Салық кодексіне қайшы келетінін, салық төлеушілердің оңайлатылған қайтару тәртібіне құқығын шектейтінін, «Пирамида» есебін қалыптастыру тәртібін және ҚҚС бойынша асып кетудің дұрыстығын растау бойынша салықтық тексеру жүргізу тәртібін түбегейлі өзгертетінін атап өтті.

Бұрын қолданылған ережелерде нақты критерийлер мен оларды есептеу тәртібі белгіленетін. Бұл ретте бұрын тәуекелдерді басқару жүйесі (ТБЖ) оңайлатылған қайтаруға құқығы бар салық төлеушілерге қатысты қолданылмаған.

«Ереженің 43-тармағында егер салық төлеушінің ТБЖ нәтижелері бойынша балдар сомасы Мемлекеттік кірістер комитеті айқындаған балдар шегінен асып кетсе, онда «Пирамида» есебі қалыптастырылмайтыны көрсетілген. Бұдан басқа, Мемлекеттік кірістер комитеті тоқсан сайын (40-тармақ) өз сайтында орналастыруға жататын тәуекел дәрежесі өлшемшарттарын есептеу тәртібін айқындайды, ал салық кодексіне сәйкес тәуекел дәрежесі өлшемшарттарын және ТБЖ қолдану тәртібін бекіту бекітілген уәкілетті орган – Қаржы министрлігі», – деді Ұлттық палата сарапшылары.

Мемлекеттік органның бұл тәсілі қазірдің өзінде елеулі проблемаларға алып келеді. Aitas-group ЖШС холдинг компаниясының вице-президенті Рабиға Тоқсейітова олардың дистрибьюторы мемлекеттік органдардың ҚҚС қайтармауына байланысты компанияға қаражат төлей алмайтынын айтты. Кәсіпкер мұндай жағдайда тауар өндіруші өнімнің бағасын көтеруге мәжбүр болатынын атап өтті.

«Жеткізуші өнімді экспортқа жібереді және оның қайтарылатын ҚҚС Мемлекеттік кірістер комитетінде тұрып қалады. Қазір жеткізуші бізге жіберген етіміз үшін үлкен сома қарыздар, ал ол МКК-дан ҚҚС-ын қайтарып ала алмай отыр. Салдарынан тауар өндіруші зардап шегеді. Біз бұл ақшаның қайда кететінін білмейміз және оны операциялық қызметке, инвестицияларға жұмсай алмаймыз. Дистрибьютордың бізге ақша төлеуі үшін біз осы ҚҚС қайтару мүмкіндігі болуы үшін үлкен қаражат салуға мәжбүр боламыз», – деді Рабиға Тоқсейітова.

Кәсіпкерлер палатасының мәліметінше, тексеру нәтижелері бойынша 2022 жылдың 1 тоқсанында мемлекеттік кірістер органдарыны көптеген кәсіпорынға ҚҚС қайтарудан бас тартқан. Бұл компаниялардың айналым қаражатын бұруға әкеледі. Жаңа ережелерге сәйкес «Пирамида» өндірушінің жеткізушілері бойынша құрылады, олардың саны 500-ден астам компанияны құрайды. Бұл ретте тексеру деңгейі өндіруші білмеуі мүмкін әрбір тармақ бойынша жеткізушілердің 5-6 деңгейіне жетеді. Кәсіпкерлер экспорттаушы неге мұндай жеткізушілер үшін жауап беруі керек екенін түсінбейді.

Сонымен қатар, Салық кодексінің 434-бабы 2-тармағының 2)тармақшасына сәйкес, өндірушілер салықтық тексеру жүргізбестен ҚҚС қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға құқылы.

«Өндірушілердің тізбесін Сауда және интеграция министрлігі бекітеді. Алайда, тізімді бекіту кезінде көптеген кәсіпорын енбеген, отандық кәсіпорындарды осы тізімге енгізу бойынша Сауда министрлігіне бірнеше хат жолданды. Жауапсыз қалды», – деп атап өтті кәсіпкерлер.

«Атамекен» палатасы салық жүйесінде өзгерістерге жол беретін және негізінен бюджетке түсетін түсімдердің өсуіне бағдарланған салық саясаты қазіргі жағдайда түбегейлі дұрыс емес, сонымен қатар экономика үшін өте қауіпті деп санайды. Қаражатты бір сәтте алу экономиканы қалпына келтіру мүмкіндіктерінен айыруы мүмкін.

Осыған байланысты Үкімет өнімді экспорттау кезінде ҚҚС асып кетуін қайтару тәсілдерін шұғыл түрде қайта қарауы қажет.

Анықтама үшін:

Ел Президенті Үкіметке ауыл шаруашылығындағы қайта өңделген өнімдердің экспортын ұлғайтуды тапсырды.

Осылайша, 2017 жылғы 31 қаңтарда Мемлекет басшысының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауы аясында Үкіметке 2025 жылға қарай шикізаттық емес экспортты екі есеге ұлғайту тапсырылды. 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында 5 жыл ішінде АӨК-тегі еңбек өнімділігін және өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын кемінде 2,5 есе ұлғайту бекітілді.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, өңделген ауылшаруашылық өнімдерінің экспорты соңғы 5 жылда (2017-2021) ақшалай түрде 31,4% ғана өсті. Осыған байланысты Президенттің тапсырмасы орындалмайды деген ой туындайды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер