«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнесті қорғау

FAQ

Ұлттық палата тікұшақпен қызмет көрсету нарығында бәсекелестіктің дамуын қолдайды

2023 жылғы 08 Ақпан
10728 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы халыққа медициналық көмек көрсету, орман шаруашылығына қызмет көрсету, санитарлық іс-шаралар өткізу, сондай-ақ өңірлерде кезекшілік жүргізу және патрульдеу бойынша тікұшақ қызметтерін бәсекелестік ортаға беруді орынды деп санайды.

Қазіргі кезде 2016 жылғы 18 ақпандағы № 72 ҚРҮК сәйкес бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік органдар мен ұйымдарға тікұшақ қызметтерін ұсыну бойынша бірыңғай оператор болып «Қазавиақұтқару» АҚ белгіленді.

Бұл артықшылық бірыңғай оператор –  «Қазавиақұтқару» акционерлік қоғамына Даму бағдарламасы шеңберінде 2020-2021 жылдар ішінде республикалық бюджеттен 56 млрд теңгеден астам қаражат бөлу есебінен сегіз тікұшақ сатып алуға мүмкіндік берді. Осылайша, материалдық-техникалық ресурстары, әуе кемелері және білікті мамандары бар басқа кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік қолдауға қолжетімділік шектелді.

 Қазіргі кезде Қазақстанда осындай қызмет көрсететін 8 компания бар. Атап айтқанда, «KazAirJet» АҚ, «Авиакомпания» АҚ, «FlyJet.kz» авиакомпаниясы» АҚ, «Бейбарыс» авиакомпаниясы» АҚ, «Dala Air» ЖШС, «Q-Avia» ЖШС, «Еуро-Азия Эйр» АҚ, «Бурундай Авиа» АҚ, «САУТС ОЙЛ» ЖШС.

 Мемлекеттік және жеке авиакомпаниялардың авиациялық (тікұшақ) қызметтерді жеткізушілерді таңдау жөніндегі конкурстық рәсімдерге қатысуы үшін тең жағдай жасау мақсатында кәсіпкерлер палатасы бірнеше рет мәселені көтерді, оның ішінде Үкімет жанындағы Отандық кәсіпкерлер кеңесінде бірқатар қызметтерді бәсекелестік ортаға беру туралы пікір айтты.

 «Атамекен» ҰКП төтенше жағдайлардың алдын алу және жою және іздестіру-құтқару операциялары бойынша стратегиялық маңызды бағыттарды бірыңғай оператор болып белгіленген – «Қазавиақұтқару» АҚ құзыретіне қалдыруды, ал бәсекелестік ортаға берілетін қызметтерді жалпы тәртіп шеңберінде қалыптастыруды ұсынды. Бұл шара қызметтердің сапасын арттырады, сондай-ақ шағын авиация нарығының дамуына, оның ішінде жеке авиакомпаниялардың әуе кемелері паркін жаңарту және толықтыруға оң әсер етеді.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер