«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнесті қорғау

FAQ

«Атамекен» Арыс қаласында зардап шеккен азаматтарға көмек беру шотын ашты

2019 жылғы 24 Маусым
11542 просмотров

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнес өкілдерін Арыс қаласында төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен тұрғындарға қолдау көрсетіп, мүмкіндігінше көмек беруге шақырады.

Қазіргі таңда Түркістан облысы және Шымкент қаласының бизнесмендері зардап шеккендерге көмектесуде. Атап айтқанда, жеке клиникалар медициналық және писхологиялық көмек беріп жатыр. Тұрғындарға азық-түлік және уақытша орналастыру орындарын ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде. Түркістан қаласындағаы университет жанында 300 адамға орын дайындалып қойды.

Өз тарапынан Өңірлік кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері эвакуация нәтижесінде ата-анасынан ажырап қалған балаларды іздестіру жұмысына жұмылды. 

 Кәсіпкерлерді орын алған жағдайға атсалысып, материалдық және гуманитарлық көмек беруге шақырамыз.

 Гуманитарлық көмек көрсету бойынша Шымкент қаласы кәсіпкерлер палатасы (Шымкент қ., Қонаев көшесі 83/1) және Түркістан қаласының өңірлік кәсіпкерлер палатасына (Түркістан қаласы, Қожанов көшесі, «АТАМЕКЕН-2» БО) хабарласуды сұраймыз. call-орталық -1432

 Көмек қаражатын жинау шотын «Менің Атамекенім» қоғамдық бірлестігі ашты. Қаражатты компьютер немесе смартфон арқылы сілтемеге өтіп («Көмек бергім келеді» батырмасы), аударуға болады.

 Немесе келесі банк реквизиттері арқылы:

 010000, г.Нұр-Сұлтан, Есіл ауданы, Сығанақ, 25-үй

БИН 180540015308

ИИК KZ759470398991370112

БИК ALFAKZKA

«Альфа-Банк» АҚ


Еншілес ұйымдар

Серіктестер