«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнесті қорғау

FAQ

Жемқорлыққа қарсы күш біріктірді

2016 жылғы 21 Қараша
- Атырау облысы
7437 просмотров

Кәсіпкерлер палатасы, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті және Жемқорлыққа қарсы алғашқы медиаорталық филиалы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

«Меморандум аясындағы негізгі міндетіміз – кәсіпкерлер проблемаларын бірлесе шешу. Құқықбұзушылық, жекелеген мемлекеттік қызметкерлер немесе тұтас алғанда мемлекеттік органдар тарапынан бизнестің құқығын аяққа таптау деректері орын алған жағдайда міндетті түрде тиісті шараларды қарастырып, қолға аламыз. Сонымен бірге, халықтың жемқорлыққа қарсы сауаттылығын арттыру мақсатында ынтымақтастық жасау көзделіп отыр. Ынтымақтастық шеңберінде қыруар жұмыс жасау керек, менің ойымша оң нәтижеге қол жеткізе аламыз», – деді Атырау облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің директоры Тоқтамыс Жұмағұлов.

Қазақстанның кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі уәкіл аппаратының Атырау облыстық бөлімінің меңгерушісі, Атырау облыстық Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Сәрсенбай Жолдыбаев, өз кезегінде, бұл меморандумға қол қою – бизнес-омбудсмен институтын нығайту аясындағы шаралардың бірі екенін айтты. Мемлекеттік органдар тарапынан кәсіпкерлердің құқығын бұзу деректері орын алар болса, бұл құжат құзырлы орган тиісті шараларды қолға алып, олардың мүдделерін қорғайтынына кепіл болмақ.

Тұтас алғанда, бүгінгі таңда облыстық Кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлер құқығы мен мүдделерін қорғауға бағытталған онға жуық меморандумға қол қойған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер