Өңірлік кеңестің мақсаттары мен міндеттері
Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесі 2013 жылғы 22 қазанда құрылды және Палатаның бақылау органы болып табылады. Оның құрамында 29 мүше бар: өңір кәсіпорындарының басшылары және бизнес-қауымдастықтардың өкілдері.
Өңірлік кеңесті «Poultry – Agro» ЖШС Бас директоры, Қазақстан құс өсірушілер Одағының президенті Қайрат Алембайұлы Маишев басқарады.
Өңірлік кеңесті өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасын, өңірлік кәсіпкерлер палатасының Жарғысын, Өңірлік Кеңес туралы үлгі ережені және Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы мен өңірлік палатаның өзге де ішкі құжаттарын, сондай-ақ Съездің шешімдерін басшылыққа алады.
Өңірлік кеңестің негізгі мақсаттары мен міндеттері:
1. Кәсіпкерлік қоғамдастықтың бірыңғай ұстанымын қалыптастыру және оның мүдделерін қорғау үшін өңірдің жеке кәсіпкерлік субъектілері мен бизнес-бірлестіктерінің шоғырлануын қамтамасыз ету.
2. Кәсіпкерлік бастамалар мен инвестициялық жобаларды іске асыру үшін қолайлы жағдайлар жасау арқылы Қостанай облысында кәсіпкерліктің тұрақты дамуына жәрдемдесу.
3.Жергілікті атқарушы органдармен және бизнес-қоғамдастықпен өзара іс-қимылда келісілген инвестициялық саясатты қалыптастыру және ілгерілету.
4. Өңірдің инвестициялық ахуалын жетілдіруге, әкімшілік кедергілерді азайтуға және қаржы институттарының мүмкіндіктерін ескере отырып, бизнестің қаржы ресурстарына қолжетімділігін кеңейтуге қатысу.
5. Бизнесті дамытудың негізгі мәселелері бойынша бизнес субъектілері, мемлекеттік билік органдары және өзге де мүдделі тараптар арасында тиімді диалогты қамтамасыз ету.
6. Кәсіпкерлер палатасының салалық кеңестерінің қызметіне қатысу арқылы өңір экономикасының түрлі салалары мен секторларының мүдделерін үйлестіру және есепке алу.
7. Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының шешімдері мен бағдарламалық құжаттарының өңірлік деңгейде іске асырылуын бақылау және жәрдемдесу.

