«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

«Аға сеньорлар» жобасы

Құрметті кәсіпкерлер!

Сіздерді «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамыту мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде басқарудың жаңа әдістерін, өндіріс технологияларын, жабдықтарды енгізу және персоналды оқыту мәселелері бойынша біліктілігі жоғары шетелдік мамандарды тарту (аға сеньорлар)» компонентіне қатысуға шақырамыз.

«Аға сеньорлар» компоненті экономиканың басым секторларында қызметін жүзеге асыратын қолданыстағы кәсіпкерліктерге өз кәсіпорына шетелдік немесе отандық мамандарды шақыруға және кәсіби кеңес алуға мүмкіндік береді.

Сарапшылық көмегі техникалық және ұйымдастырушылық мәселелерді шешу барысында бизнес жүргізу бойынша туылған сұрақтарды практикалық дағдыларды қалыптастыру мақсатында қызметкерлерді оқыту және практикалық көмек көрсету болып табылады.

Кеңес бағдарламасы сарапшымен кездесулерді тікелей кәсіпорында өткізуді қамтиды, сондай-ақ кәсіпорының мәселелерін талдау негізінде әзірленген сарапшының практикалық ұсынымдар қамтамасыз етеді. экономиканың басым секторларында қызметін жүзеге асыратын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің басшылары құрауышқа қатысушы бола алады.

 «Аға сеньорлар» компоненті бойынша сарапшыларды тарту бойынша шығыстарды өтеу республикалық бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырылады. Сарапшылардың ұшуы және көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеу республикалық бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырылады. Қатысушылар сарапшының Қазақстандағы: тұру, тамақтану, тәуліктік, аудармашы қызметтеріне байланысты шығындарды төлейді.

Қатысуға асығыңыз!

Туындаған сұрақтары бойынша Қостанай облысының кәсіпкерлер Палатасы қаржылық емес қолдау бөлімінің сарапшысы - Баян Джумагуловаға мына телефон арқылы 8 (7142) 39-42-08 ішкі нөмері 3914 хабарласуыңызды сұраймыз. 

Еншілес ұйымдар

Серіктестер