«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнесті қорғау

FAQ

Қостанайда іскер әйелдердің шағын несие алуға берген 27 өтінімі мақұлданды

2018 жылғы 11 Шілде
- Қостанай облысы
5754 просмотров

Қостанай облысы Іскер әйелдер кеңесінің отырысында жылына 5 пайыздық мөлшерлемемен шағын несие алу өтінімдері қаралды. Комиссия қабылданған 29 өтінімнен бизнестің әр түрлі саласына арналған 27 жобаны мақұлдады. Оның ішінде балалар студиясынан бастап сұлулық салоны, жүк тасымалдау жобалары қамтылған.

Еске салсақ, бағдарлама іскер әйелдердің жобасына ғана арналған. «Атамекен» ҚР ҰКП Іскер әйелдер кеңесі, «Қазақстан халық банкі» АҚ мен Еуразиялық топтың үшжақты келісімімен жасалды.

«Бағдарлама барынша төмен мөлшерлемемен несие беруге арналғандығымен ерекше, стартап жоба үшін де, бизнесті ұлғайтуға да алуға болады, – дейді Қостанай облысы Іскер әйелдердер кеңесінің төрайымы Наталья Булатова. – Бір ғана шарты бар – несиені өтеу үшін берілген өтінім қабылданбайды. Қалғанының барлығы – айналым қаражатын толтыру, орынжай сатып алу, жабдықпен қамтамасыз ету үшін өтінім беру құба-құп. Бірнеше күн бұрын ғана өтінім қабылдау туралы ақпарат берілгеніне қарамастан, 29 өтінім түсті, әйелдер тарапы өте белсенді, зор мүмкіндік ашылып отырғанын түсінеді».

Мысалы, Евгения Донбаева нарықта көп жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан ательеге арнап орынжай сатып алу үшін өтінім берген. Ал Татьяна Лазарук «Деревенька в бор» демалыс орнындағы жайлылықты арттыруды қалайды. Ол үшін 10 млн теңге керек.

«Қазір жаз мезгілі, халық көп келеді. Бізде отыратын орын, мангал жетпей жатыр. Сондай-ақ лабиринт жасағымыз келеді. Биыл 10 млн алсақ, келесі жылы басқа бағдарламаға ілігерміз. Бірте-бірте дамимыз», – дейді кәсіпкер.

Осыған ұқсас өтінім демалыс орнының иесі Галина Шнайдерден де түскен. «Золотой фазан» кешенінің директоры күн батареясы мен жел генераторларын орнатқан. Шағын несиенің көмегімен асүй жабдығы мен балалар алаңын жаңартуды қалайды.

«Аэропорт» жаңа ауданында бизнес ашуға қатысты өтінім көп түскен. Әлі инфрақұрылым толық жүргізілмесе де, келешекте бизнес дамытудыңорны саналады. Іскер ханымдары балабақша, сұлулық салоны, дүкен ашуды қалайды. Комиссия мүшелері мұндай жобаларды әлеуметтік деп атауға болатынын сенімді. Бизнес үшін де, тұрғындарға да тиімді жобалар бар.

Әрбір өтінім мұқият қаралып, тексерілді. Нәтижесінде бір өтінімге несие беруге мүлдем қарсылық болса, екінші өтінімді пысықтауға жіберді.

Енді 27 өтінімнің құжаттары «Қазақстан халық банкі» АҚ филиалының қарауына жолданады, соңғы шешімді банк шығарады.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер