«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнесті қорғау

Техникалық қадағалаудың сарапшылары мердігер мен тапсырыс берушінің әрекетіне тәуелді

27 Тамыз 2018 - Қостанай облысы
711 просмотров

Сарапшылардың тарапынан ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында бірнеше жыл бұрын техникалық қадағалау қызметі бәсекелік ортаға берілген болатын.

Алайда қостанайлық мамандардың мәлімдеуінше, олар әлі күнге дейін тапсырыс берушіге де, мердігерге де тәуелді болып отыр. Бәріне кінәлі әкімдіктердің құрылыс бөлімдері үлгілік шарттарға енгізетін тармақ болып отыр.

 Осы тармақшаға сәйкес техникалық қадағалау сарапшылардың қызметтері үшін төлемдер мердігердің объектілерде орындаған құрылыс-монтаж жұмыстарының көлеміне пропорциялы жасалады. Құрылыс жұмыстары бойынша мемлекеттік нормативтер бұзылған жағдайда техникалық қадағалау сарапшысы атқарылған жұмыс актілерінге қол қоюға хақысы жоқ және өзінің құзіреті шеңберінде шешім қабылдайды. Алайда, атқарылған жұмыс актілеріне қол қоймау жағдайында техникалық қадағалау қызметіне ақы төленбейді. Нәтижесінде тәуелсіз сарапшылар мердігер мен тапсырыс берушіге тәуелді болып қалады», – деді Қостанай ӨКП сарапшысы Марат Әбішев.

 «Надежда С» ЖШС директоры Владимир Семеновтың айтуынша мұндай жағдайларды жауапкершілігі жоқ мердігерлер жасайды.

 «Бас ауырту енді басталады. Олар бір ай бойы жұмыс істеді, ал жұмыстың 1%-ы ғана орындалған. Біз мұндай жұмысты қабылдамаймыз да еңбекақыдан қағылып отырмыз. Келесі айда – тура осындай жағдай. Және мұның жалғасы қайталана беруі мүмкін. Осы ретте тапсырыс беруші мердігерге ешқандай шара қолданбай отыр. Біз екі оттың ортасында қалып қойып отырмыз», – деді ол.

 «Лир» ЖШС өкілі Сергей Приходько әріптесінің сөзін құптап отыр, оның пікірінше, техникалық қадағалау сарапшыларының қызметін атқарылған жұмыс көлеміне қарамастан төленуі керек:

 «Мердігерлерді жазалайтын бізде тәжірибе жоқ. Мердігер мерзімді созып алады, ал тапсырыс берішу соттасуға құлқы жоқ. Осы жағдайда еңбекақы ала алмай жүрген сарапшылар ғана».

 Қостанай облысы Сәулет-құрылысты қадағалау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Талғат Рамазанов сарапшыларды жақтады.

 «Егер мердігер міндеттерін орындай алмай жатса, бұдан техникалық бақылау зардап шекпеу керек. Жұмыс жоспарға сай жүргізілгені жөн. Егер мердігер үлгермесе, онда айыппұл тағылсын!».

 Жиын қорытындысы бойынша – Қостанай облысы әкімдігіне тендерлік құжаттамадан техникалық қадағалау сарапшыларына еңбеақыны орындалған жұмыс көлеміне қарай төленеді делінген тармақты алып тастау туралы хат жолдау бойынша шешім қабылданды.

 

 

Пікір қалдыру:

Пікірлер:

Серіктестер