«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнесті қорғау

FAQ

Қостанай облысында Құрылысшылар қауымдастығы құрылды

2019 жылғы 20 Ақпан
- Қостанай облысы
4568 просмотров

«Қостанай облысы бойынша құрылысшылар қауымдастығы» заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің бірлестігіне басшы болып «БК-Строй» ЖШС директоры Игорь Ким тағайындалды.

Оның кандидатурасы 20 ақпан күні Қостанай обылсы Кәсіпкерлер палатасында өткен салалық қауымдастықтың отырысында бір ауыздан мақұлданды.

«Осы алаңда кездейсоқ жиналған жоқпыз. Мен Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінің төрағасымын, жеке тәжірибем негізінде «Атамекен» тиімді жұмыс істеп, кәсіпкерлердің мәселелерін нақты шешіп жатқанын айтқым келеді. Ал мәселелер бәрінде бар. Жалғыз отырып, кедергілерді шешу өте қиын. Сондықтан қауымдастықты құру бастамасын көтердік. Оған құрылысшылар ғана емес, сонымен қатар құрылыс материалдарды өндірушілер, жобалаушылар, техникалық қадағалау қызметі өкілдері, бір сөзбен айтқанда салаға тікелей қатысы бар адамдар қосылғанын қалаймыз», – деді Игорь Ким.

 Бірінші отырыста Қауымдастыққа кіруге 29 кәсіпорын ынта білдірді. Бірлестік құрылысшылардың мәселелерін көтеріп,, оларды Өңірлік кәсіпкерлер палатасымен бірге шешуге атсалысатын болады.

 «Салалық қауымдастықты құру бизнеске көптеген мәселелер бойынша шоғырланған пікір айтуға, шешуге тиімді күш жұмсауға жол ашады. Өңірде Туризм және мейрамхана бизнесі қауымдастығы жұмыс істеп жатыр. Құрылыс саласы бізде айтарлықтай белсенді, әрі мәселелерді шешуді талап етіп отырған бағыт. Түйткілдерді Үкімет деңгейінде шешетін боламыз», – деді Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасынң директоры Мұрат Әбенов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер