«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнесті қорғау

FAQ

«Бастау» арқылы мұғалім оқу орталығын ашты

2019 жылғы 26 Наурыз
- Қостанай облысы
4822 просмотров

22 жасар Анастасия Трубникова кәсіпкер атанса да, мұғалімдікті тастаған жоқ

Енді оның оқушылары 2 жастан асқан балалар. Анастасия білім беруде стандартты сабақтар мен мектеп бағдарламасымен шектелмеген. Тобыл ауылында балалар орталығын ашып, педагог өзінің бұрынғы идеясын – балаларды шығармашылық арқылы оқытуды жүзеге асырды.

Анастасия жеке бизнесті ұйымдастыруға дайындықпен келді. Бастапқыда ол мұғалімдікті қоя тұрып, оқушыға айналды – қайтадан партаға отырып, «Бастау» жобасы арқылы кәсіпкерлік негіздерін игерді.

«Балаларды қатты жақсы көремін, мамандығымды жақсы көремін, сондықтан қандай бизнес ашатыным басынан бастап белгілі болды. Балалармен қалай тілдесу керек, олардың назарын қалай аулау қажет екенін білген болсам, кәсіпкерлік туралы мүлде хабарсыз едім. «Бастау» курсы осы бағытта көмектесті – бизнес-жоспар құру, баухгалтерлік есеп жүргізу, маркетинг негіздерін игердім», – деді Анастасия Трубникова.

Балалар орталығы «нөлден» құрылды. Оның ашылуына бойжеткен 4 млн теңге көлемінде микронесие алды. Бұл қаражат жабдық сатып алу, орынжайды жалға алу және тағы бір педагогқа жалақы төлеуге жетті. Балаларға білім беруде Анастасияға құрбысы, педагог көмектесуде.

«Біз айтарлықтай жарнама жасамадық. Жай ғана аниматорлар костюмдерін киіп, ауыл көшелерінде жарнама парақшаларын тараттық. Сонымен қатар балалардың тақырыптық кештерін ұйымдастырдық. Қазіргі кезде санға емес сапаға жұмыс істеп жатырмыз. Бастысы – нәтиже көрсету».

 Балалар орталығының ерекшелігі – білім беру процестің шығармашылықпен үйлесім тапқаны. Арт-терапия, құмграфия, театр өнері оқуды қызықты ойынға айналдырады. Осындай тәсіл арқылы балалар орталыққа зор ынтамен асығады.

 «Келешекте сауықтыруды да қолға алмақпын. Жекеменшік ғимаратымыз болған уақытта сауықтыратын тұз бөлмесін жабдықтамақпын. Жалпы жоспар мен идеяларым көп», – дейді бизнес ханым.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер